ТӘУЕЛСІЗДІКТІ БАЯНДЫ ЕТЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТІРЕК

4

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» облыстық коалиция мүшелері Асхат Базилов, Ләйлә Сембаева мен Қуаныш Сайлаубай Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылының №26 орта мектептің ұстаздары және оқушылардың ата-аналарымен кездесіп, елімізде жүзеге асқалы жатқан саяси үдеріс турасында диалог орнатты. Спикерлер Конституция – мемлекеттің негізгі тірегі екенін, ал енгізілген өзгерістер демократиялық үдерістерді жетілдіруге және қоғамдағы теңгерімді сақтауға бағытталғанын екшеп жеткізді.

Мінберге көтерілген коалиция мүшесі Асхат Базилов конституциялық реформалардың басты мақсаты – әділ әрі жауапты мемлекет қалыптастыру екенін атап өтті.

– Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің құндылығы да Конституцияда айқын көрініс тапқан. Жеріміздің тұтастығы, шекарамыздың беріктігі, ел бірлігі – мемлекеттің ең басты байлығы. Бұл қағидаттар тек саяси ұстаным емес, әр азаматтың жүрегіндегі қасиетті ұғым. Бірлігі бекем елдің іргесі сөгілмейді. Тәуелсіздік – бізге оңай келген жоқ. Сондықтан оны сақтау – әрқайсымыздың қасиетті парызымыз. Ата Заңымыз тәуелсіздігімізді баянды ететін құқықтық тірек, — деді Асхат Базилов.

Артынша сөз алған Ләйлә Сембаева жаңа жобаның саяси жаңғыру үдерісінің заңды жалғасы екенін айтып, Конституция жобасы ашық талқылаудан өткенін және қоғамнан түскен көптеген ұсыныстар ескерілгенін атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз