«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция өкілдері Кардиологиялық орталықтың еңбек ұжымымен кездесіп, түсіндірме жұмысын жүргізді. Медициналық орталықтағы кездесуде коалиция мүшелері Асхат Досмұхамбетов, Мейірман Тлеуберлиновтер жаңа Ата Заңдағы тың үдерістерді ортаға салды.
Алғысөз алған Асхат Досмұхамбетов референдум әр азаматтың ел болашағына тікелей ықпал ету мүмкіндігі екенін жеткізді. Оның айтуынша, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, тұрақты дамуға жол ашады.
Мейрман Тлеуберлинов Жаңа Конституция жобасының ашық әрі жария талқылаудан өткенін, қоғам тарапынан түскен ұсыныстардың ескерілгенін атап өтті. Ол бұл құжаттың шынайы халықтық сипатқа ие екенін және оның қабылдануы елдің саяси жаңғыруына серпін беретінін айтты.
– Жаңа Конституция – еліміздің болашақ даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат. Ол әділеттілік қағидаттарына негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастырып, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтады. Біздің міндетіміз – осы тарихи шешімнің маңызын әрбір азаматқа түсіндіру, – деді спикер





























