Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
Аталған жұмыс Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 13 ақпандағы №13 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылуда.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушілердің жеке шоттарында есепте тұрған өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығаруға жатады.
Негізгі шарт — 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында негізгі салық берешегін толық өтеу.
Есептен шығару салық төлеушілердің жеке шоттарын түгендеу қорытындысы бойынша жүргізіледі.
Негізгі қарызды өтеңіз — өсімпұл есептен шығарылады. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!





























