Саяси үдеріске үн қосады

4

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» облыстық коалиция мүшесі Асхат Досмұхамбетов, Нұрбек Құдайберген, Алсу Габдракиповалар «Айналайын» арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының еңбек ұжымымен кездесіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының мазмұны мен маңызын жан-жақты түсіндірді.

Кездесу барысында спикер ұлттың болашағын қалыптастырып отырған ұстаздар қауымына Жаңа Конституция жобасы ең алдымен білім мен ғылымға арқа сүйейтінін сөз етті.
– Біздің басты құндылығымыз – адам. Оның құқықтары мен бостандықтары Конституциялық деңгейде нақты әрі айқын қорғалады. Әсіресе білім алу құқығы – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ретінде бекітіледі. Бұл – ұстаздар мәртебесін арттыруға, білім беру сапасын көтеруге, инфрақұрылымды дамытуға нақты құқықтық негіз. Конституциялық өзгерістер – бұл тек құқықтық түзетулер емес, бұл – қоғамның сапалы жаңғыруы.

Ашықтық, әділдік және жауапкершілік қағидаттары өңірлік деңгейде де нақты істер арқылы көрініс табуы тиіс, – деп атап өтті ол.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз