Жас түлектер қақты бүгін қанатын!
Соңғы қоңырау - мектеп бітіруші түлектерді ерекше тебірентіп, кеудеге қимастық сезімін ұялататын сәт. Мектептегі қоңырау үнін естігенде балалық пен бозбалалықтың қызыққа толы сәттері ғана емес, он бір жыл бойы білім алған мектеп пен ардақты ұстаздардың бейнесі көз алдыңызға келіп, ғажайып бір күйге енеріңіз сөзсіз.
Биыл оқу жылының ресми аяқталуы жексенбіге сәйкес келгендіктен, соңғы оқу күні ретінде 23 мамыр бекітіліп, ел мектептерінде...
Оқу-ағарту министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады
Бүгін еліміздің барлық мектебінде бір мезгілде «Білімім - Отаныма» бірыңғай сынып сағаты өтті. Сынып сағатының аясында министр барлық мектеп оқушыларын 2024-2025 оқу жылын табысты аяқтауымен құттықтады.
Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, биылғы оқу жылы толағай табыстар мен жарқын жетістіктерге толы болды.
– Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде бір жыл ішінде рекордтық көрсеткіш - 257 жаңа мектеп ашылды. Оқушыларымыз халықаралық білім додаларында 362 медаль иеленіп,...
Жетісу облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шерулерге қатысқандар марапатталды
Жетісу облысында Астана мен Мәскеуде өткен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шерулерге қатысушыларды марапаттады. Салтанатты рәсім Талдықорғанда орналасқан № 18404 әскери бөлімінің алаңында өтті, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ұлы Жеңіске арналған айтулы миссияны лайықты орындағаны үшін өңір басшысының атынан алғыс білдірген облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов әскери қызметшілерге - жалпы саны 35 адамға облыс әкімінің Құрмет грамотасы...
Еркін ауылында шағын футбол алаңы ашылды
Еркін ауылында заманауи үлгіде салынған шағын футбол алаңы салтанатты түрде ашылды. Бұл ауыл жастары үшін үлкен қуаныш әрі маңызды сый болды.
Барлық талаптарға сай салынған футбол алаңында киім ауыстыруға арналған арнайы контейнер бөлме, төрешілерге арналған 4 метрлік мұнара бар және нысан толық жарықпен қамтамасыз етілген.
Қазіргі таңда Еркін ауылында халық игілігіне арналған бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, жыл соңына...
Қала әкімі Ернат Бәзіл құрылыс нысандарын аралады
Қала әкімі Ернат Бәзіл қала аумағында қарқынды жүргізіліп жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралады.
Алдымен, «Бірлік» шағын ауданында қызу жүріп жатқан сквер құрылысының барысымен танысты. Бұдан кейін көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын бақылап, «Құлагер» шағын ауданындағы жаңа саябақтың жұмыс қарқынын бағамдады.
Қала әкімі жауапты мердігерге жұмыс қарқынын бәсеңдетпей, сапаға ерекше мән беру қажеттігін ескертті.
Сондай-ақ, әкім «Береке» коттедж қалашығында қайта жаңғыртылып жатқан тұрғын...
Қала әкімі Өтенай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті
Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл Өтенай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, олардың көкейкесті мәселелерін тыңдады.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары жол инфрақұрылымын жақсарту, түнгі жарық, ауыз су және кәріз жүйесіне қосылу, сондай-ақ қоғамдық көлік санын арттыру сынды маңызды мәселелерді көтерді.
Қала басшысы әрбір сұраққа мұқият назар аударып, тұрғындардың ұсыныстарына нақты жауап берді. Кейбір өзекті мәселелерді жеке бақылауына алатынын және оларды шешу жолдары...
Аида Балаева Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында үндеу жариялады
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны басталғаны туралы үндеу жариялады.
- Құрметті достар!
Баршаңызды алдағы Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мереке қарсаңында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Отбасы – тәрбие бастауы!» ұранымен онкүндік басталды. Өйткені бала тәрбиесінде шешуші рөл атқаратын – отбасы. Дәл осы ортада тұлғаның қабілеті дамып, болмысы қалыптасады.
Президентіміз балалардың сапалы білім алуы мен тәрбиесіне...
Агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция тарту шаралары туралы
Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Іс-шара барысында спикер агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция тарту және ірі жобаларды іске асыру жөніндегі шаралар туралы баяндады.
Вице-министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп АӨК-не инвестиция тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. 2025 жылдың төрт айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі...
Елімізде «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде
2025 жылғы 22-23 мамыр аралығында барлық өңірлерде «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілуде.
Бұл іс-шара басқару органдарының, азаматтық қорғау аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдарының табиғи өрттер туындаған кездегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығуды үйлестіру жедел штабы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Рамиль Камаловтың басшылығымен Павлодар облысының «Ертіс орманы» МОТР РММ Майқарағай орманшылығының аумағында орналасқан.
Оқу-жаттығуға Өртке қарсы қызмет комитетінің...
Қазақстандықтар @Tazaqazbot чат-боты арқылы экологиялық проблемаларды шешуге белсенді қатыса бастады
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылғы маусымда @TazaQazBot телеграм-чат-ботын іске қосты. Бұл экологиялық мәселелер бойынша жедел өтініштер мен шағымдарға арналған платформа.
Экобот іске қосылғаннан бері түскен 18 мыңнан астам өтінімнің 17 мыңы сәтті орындалды.
@TazaQazBot-тың белсенді пайдаланушылары - Алматы, Шымкент және Астана қалаларының тұрғындары. Статистикаға сәйкес, өтініштердің басым бөлігі аумақтарды жинау, тұрмыстық қоқыстарды шығару,...





























