Еркін ауылында шағын футбол алаңы ашылды

331

Еркін ауылында заманауи үлгіде салынған шағын футбол алаңы салтанатты түрде ашылды. Бұл ауыл жастары үшін үлкен қуаныш әрі маңызды сый болды.

Барлық талаптарға сай салынған футбол алаңында киім ауыстыруға арналған арнайы контейнер бөлме, төрешілерге арналған 4 метрлік мұнара бар және нысан толық жарықпен қамтамасыз етілген.

Қазіргі таңда Еркін ауылында халық игілігіне арналған бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, жыл соңына дейін ауыл тұрғындарына арналған 150 орындық мәдениет үйі пайдалануға беріледі. Бұл – ауыл халқы көптен күткен маңызды нысандардың бірі.

Футбол алаңының ашылуына орай облыстық деңгейде шағын футбол турнирі ұйымдастырылып, ересектер арасынан 16 команда қатысып, өзара үздіктерді анықтады.

Айта кетейік, футбол алаңында ауыл жастары мен тұрғындары тегін жаттыға алады. Сонымен қатар жанкүйерлер үшін де қызықты ойындарды тамашалауға мүмкіндік қарастырылған.

Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз