Мэттью Сейгерс: Қазақстан алдағы 20 жылда өзін жақсы жағынан көрсетеді деп ойлаймын
S&P Global компаниясының энергетика жөніндегі орынбасары Мэттью Сейгерс Астана халықаралық форумында Қазақстан экономикасының әртараптану қарқыны туралы пікір білдірді.
— Қазақстанда не болып жатқанын көріп отырмыз. Қазақстан қазір бағытын өзгерте бастады. Бұл ел бұрынғыдан әлдеқайда терең өңдеу өнеркәсібіне күш салып жатыр. Бұл елде бәрі қосылған құн тізбегі, мұнай-газ экономикасы, әртараптану сияқты мәселелерді айтып жүр. Қазақстан кейінгі 30 жылда өзін өте жақсы...
Google Қазақстандағы ЖИ дамуындағы жетістіктерді жоғары бағалады
Мемлекет басшысы Google компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа бойынша вице-президенті Патрик Ворнкингті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана халықаралық форумы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Google компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа бойынша вице-президенті Патрик Ворнкингпен кездесті.
Президент компанияның еліміздегі цифрлық трансформацияға елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуразиядағы цифрлық хабқа айналу жөнінде стратегиялық мақсат қойғанын жеткізді. Аталған стратегия тіршіліктің барлық...
У И: ALLUR — тек зауыт қана емес, ұлттық бренд қалыптастыруға негіз
Қытайдың жетекші «Жэньмин жибао» басылымының бастамасымен 29 мамырда «Орталық Азия — Қытай» халықаралық медиафорумы өтіп жатыр. Іс-шараның тең ұйымдастырушысы — Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені.
Ашылу рәсімінде арнайы шақырылған қонақ — Қытайдың Genertec International Holding Co., Ltd. компаниясы бас директорының орынбасары У И сөз сөйлеп, Қазақстанның автокөлік өнеркәсібін дербес ұлттық брендке айналдырудағы қытайлық кәсіпорындардың рөлін ерекше атап өтті.
— ALLUR — жай...
Талдықорғанда МӘМС жүйесі туралы ақпарат берілді
Талдыкорғанда халықтың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті. Іс-шараны Жетісу облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы Талдыкорған қаласының әкімдігі және қалалық емханамен бірлесе ұйымдастырды.
Акция қаладағы халық көп жиналатын «Атамекен» және «Мактуб» сауда-ойын-сауық орталықтарында, «SMALL & Skif» супермаркетінде және Technodom техника дүкенінде өткізілді. Осы жерлерде арнайы «Денсаулық аралы» құрылып, қала тұрғындары тегін экспресс-тексеруден...
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Талдықорған қаласының оқушыларына ХҚКО-да экскурсия ұйымдастырылды
Жетісу облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында мектеп оқушыларына арналған цифрлық сауаттылық пен қауіпсіздікке бағытталған «Кибер Тұмар» атты ашық есік күн өтті. Іс-шара Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған республикалық «Қазақстан балалары» акциясының бір бөлігі болды.
Іс-шара барысында оқушылар Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, өздігінен қызмет алу секторында онлайн қызметтерді қалай алу керектігін үйренді. Сондай-ақ, оларға «ЦОН» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері...
Қазақстанда «Кибер Тұмар» акциясы өтеді: балаларға арналған цифрлық кәсіптер мен киберқауіпсіздік күні
Балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Кибер Тұмар" республикалық акциясын — цифрлық қауіпсіздікке, сауаттылыққа және оқушыларды болашақ мамандықтарымен таныстыруға арналған күнді өткізуге бастама жасайды.
Акция "Қазақстан балалары" ауқымды бастамасы шеңберінде өтеді және цифрлық мәдениетті ілгерілету және өскелең ұрпақ арасында IT-құзыреттілігін дамыту жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі болады.
Күні бойы Қазақстанның цифрлық экожүйесінің жетекші ұйымдары...
«Аз и Я» кітабына 50 жыл
Қазақ ақыны, жазушы, «ХХІ ғасыр Адамы» атағының иегері, Невада-Семей халықаралық антиядролық қозғалысының президенті Олжас Сүлейменов биыл 89 жасқа толып отыр. Ақынның әлем халқының санасына сілкініс жаскаған атақты «Аз и Я» кітабының жарық көргеніне 50 жыл.
Туынды 1975 жылы 100 мың данамен жарық көрген болатын. Осы айтулы күнге орай Алматы қаласында «Түркіславистиканың бастаулары» тақырыбында білім мәдениетін қолдауға арналған конференция өтті. Әлемнің...
QAZAQSHA MIBATTLE: DOSTYQ CUP-2025
QAZAQSHA MIBATTLE: DOSTYQ CUP-2025
Мектепаралық зияткерлік турнирі сәтті өтті!
Бұл турнир — жастардың қазақ тілінде еркін ойлап, сауатты пікір білдіруіне мүмкіндік беретін зияткерлік алаң. Шара достық, тіл, білім мен логика тоғысқан тартысты сайыс форматында өтті.
Жалпы саны 15 команда өзара білім, тапқырлық, шебер пікірталас пен шешендік өнерде бақ сынасты.
ЖЕҢІМПАЗДАР:
1 орын— «Баурсаки»
2 орын— «НИШтяк»
3 орын— «Кот Шридингера» командалары марапатталды.
Барлық қатысушыларға арнайы алғыс хаттар...
Елімізде 6 жаңа кәсіби мереке пайда болады
Премьер-Министрдің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізіледі. Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.
Бұйрық жобасына сәйкес, кәсіби мерекелер тізбесіне Қазақстан кәсіпкерлері күні, Қазақстанның қолөнершілер күні, Табиғи монополиялар саласы жұмыскерлерінің күні, Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні, Кадр қызметі жұмыскерлерінің күні, Қоғамдық тамақтандыру саласының жұмыскері күні атты жаңа кәсіби мерекелер енгізіледі. Сондай-ақ Энергетик күнін...
«SENAT OPEN» II ашық турнирі
Бүгін Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен, Қазақстан шахмат федерациясымен бірлесіп, «SENAT OPEN» II-ші ашық Кубогының іріктеу турнирі басталды. Логикаға салып ойланып, жедел шешім қабылдауды талап ететін спорттың бұл түрі жас талғамайды. Жетісу өңірінде шахмат, шашки, тоғызқұмалақ сынды спорт түріне қызығушылық танытушылар қатары артып келеді. Бүгінгі шараға да түрлі саланың өкілдері қатысып, бақтарын сынап көруде. «SENAT OPEN» II-ші...





























