Панфиловтық шекарашылар Ұлттық домбыра күніне атсалысты
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты әскери ұжымдарда Ұлттық домбыра күніне арналған тәрбиелік-мәдени шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға мерзімді әскери қызметшілер мен офицерлік құрам белсене қатысты. Бағдарлама аясында жауынгерлерге қазақ халқының киелі аспабы - домбыраның шығу тарихы, ұлттық өнердегі орны және тәуелсіздік пен елдік идеясын ұрпаққа жеткізудегі рөлі туралы мазмұнды ақпарат берілді. Сонымен қатар,...
Домбыра — ұлттың үні
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы «Басқұншы» шекара бөлімшесінде, Басқұншы ауылы Крылов атындағы орта мектептің домбыра үйірмесінің оқушыларымен бірлесіп, Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – Ұлттың үні» атты тақырыптық кеш өтті. Кеш барысында Домбыраның шығу тарихы , ұлы күйшілер туралы ақпараттар жеткізілді.
...
Ұлттық домбыра күні аталып өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Достық» шекара бөлімінде Ұлттық домбыра күніне арналған тақырыптық кеш ұйымдастырылды.
Шараға мерзімді әскери қызметшілер, офицерлік құрам және тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі бөлімшелердің өкілдері қатысты. Кеш барысында сарбаздар қазақ халқының ұлттық мұрасы - домбыраның шығу тарихы мен рухани маңызы жайлы тың деректермен танысты. Сонымен қатар, шекарашылар...
Жетісу облысында газ саласындағы реформалар тақырыбы талқыланды
Талдықорған қаласында ҚР Энергетика министрлігінің, «QazaqGaz» АҚ-ның, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің, әкімдік, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, облыстық, аудандық, қалалық мәслихат депутаттарының және газ тарату мекемелері мамандарының қатысуымен алқалы жиын өтті. Онда тұрғындарға табиғи газды тұрақты жеткізудің жолын жетілдіру мәселелері талқыланды.
Айтылған мәліметтерге қарағанда, соңғы 10 жылдың ішінде еліміздің ішкі газ тұтыну деңгейі 80%-ға өскен. Осыған орай «QazaqGaz» АҚ-ның өкілдері тұрғындарға берілетін...
Бас прокурор Берік Асылов Жетісу жұртшылығымен кездесті
Бүгін ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Талдықорғандағы Салтанат сарайында өңір тұрғындарымен және құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуге қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, белсенді жастар да қатысты. Жиынды Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев жүргізді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алдымен сөз алған Бас прокурор Берік Асылов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының...
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды
Алакөл көліне көлікпен жету мүмкіндіктері жылдан жылға жақсарып келеді. Бұл ретте жуырда Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасына облыс әкімдігі тарапынан субсидияланатын арнайы автобус маршруты жүргізілмекші, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ең алдымен атап өтсек, соңғы жылдары Үшарал қаласы бағытында әуе рейстерінің саны артты. Енді Алакөлге күн сайын Астана және Алматы қалаларынан «Алматы-Үшарал» және «Астана-Үшарал» бағыттары...
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. «Қазақ – нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Әсіресе, өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұл – өте жақсы үрдіс. Өйткені ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау – нағыз отаншылдықтың көрінісі. Отанға сүйіспеншілік – мемлекеттілігіміздің темірқазығы. Қазақстан жастарының мұны жақсы түсініп, қолдайтынына ризамын. Мемлекет...
Жетісудың Рудничный ауылында елден заңсыз шығарылған активтер есебінен жаңа мектеп салына бастады
Бүгін Текелі қаласы Рудничный ауылында жаңа мектептің капсуласын салу рәсімі атқарылып, салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов, облыс әкімі Бейбіт Исабаев және ауыл тұрғындары қатысты. Атап өтсек, бұл мектеп Президенттің тапсырмасына байланысты елден заңсыз шығарылған активтер есебінен салынуда, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алдымен сөз алған Бас прокурор Берік Асылов елден заңсыз шығарылған активтер есебінен...
Қауіпсіздікке жауапты маман
Ел экономикасының тұрақты дамуында жұмысшы мамандардың үлесі орасан зор. Қарап тұрсақ, өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы және көлік, ақпарат салалары қарапайым мамандардың біліктілігі мен еңбегіне сүйенері сөзсіз.
Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінің жылумен, жарықпен қамтылуын күнделікті назарда ұстайтын мамандарды осы жерден кездестіреміз. Солардың қатарында электрик мамандығын меңгерген Қайрат Жартыбаев өз ісіне ұқыпты, ыждаһатты.
-Мен бұл мекемеде 2015 жылдан бері еңбек етіп келемін. ...
Алакөл жағалауына жаңа желіден электр қуаты беріле бастады
Алакөл жағалауындағы демалыс орындарына жаңа «Ақши» қосалқы станциясынан электр жарығы беріле бастады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жағалауды электрмен үздіксіз жабдықтау үшін Бескөлден Ақшиге дейін жоғары вольтты электр беру желілері салынып, жаңа «Ақши» қосалқы станциясының құрылысы жүргізілген болатын.
Демалыс орындары заман талабына сай қажетті құрал-жабдықтарды тұрақты пайдаланғандықтан, ескі желі электр қуатының ауқымды жүктемесін көтере алмай жиі сөнетін...





























