Панфиловтық шекарашылар Ұлттық домбыра күніне атсалысты

142

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты әскери ұжымдарда Ұлттық домбыра күніне арналған тәрбиелік-мәдени шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға мерзімді әскери қызметшілер мен офицерлік құрам белсене қатысты. Бағдарлама аясында жауынгерлерге қазақ халқының киелі аспабы — домбыраның шығу тарихы, ұлттық өнердегі орны және тәуелсіздік пен елдік идеясын ұрпаққа жеткізудегі рөлі туралы мазмұнды ақпарат берілді. Сонымен қатар, сарбаздар ұлттық күйлер орындап, жыр-термелер айтып, төл өнерімізге деген құрметтерін көрсетті.
Бұл кештің басты мақсаты — жас сарбаздар арасында ұлттық мәдениетті насихаттау, отансүйгіштік пен рухани құндылықтарға баулу, сондай-ақ әскери-патриоттық тәрбие беруді жандандыру болды.
Домбыра үні шекара шебіндегі сарбаздардың бойына рух, жүрегіне жігер сыйлап, ел қорғау жолындағы абыройлы қызметіне рухани серпін берді.

                               ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз