Қауіпсіздікке жауапты маман

296

Ел экономикасының тұрақты дамуында жұмысшы мамандардың үлесі орасан зор. Қарап тұрсақ, өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы және көлік, ақпарат салалары  қарапайым  мамандардың біліктілігі мен еңбегіне сүйенері сөзсіз.

Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінің жылумен, жарықпен қамтылуын күнделікті назарда ұстайтын  мамандарды осы жерден кездестіреміз.  Солардың қатарында  электрик мамандығын меңгерген Қайрат Жартыбаев  өз ісіне  ұқыпты, ыждаһатты.

Мен бұл мекемеде 2015 жылдан бері еңбек етіп келемін.  Жалпы еңбек өтілім 20 жылдан асады. Аталмыш мамандықпен құрылыс саласында еңбек жолымды бастадым.   Мұнда кезекпен келіп жұмысымызды атқарып жүрміз. Жарықты, әсіресе жаз айында көп тұтынатындықтан ақаулар жиі  шығып тұрады. Өз ісімізге жауапкершілікпен қараймыз. Себебі, жарықсыз жұмыс жүрмейді. Айналадағы адамдарға қажет екеніңді түсінгенде жұмысқа деген ынтамыз артады,- дейді Қайрат Төлеуұлы.

                                                                                                     

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз