Ұлттық домбыра күні аталып өтті

192

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Достық» шекара бөлімінде Ұлттық домбыра күніне арналған тақырыптық кеш ұйымдастырылды.
Шараға мерзімді әскери қызметшілер, офицерлік құрам және тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі бөлімшелердің өкілдері қатысты. Кеш барысында сарбаздар қазақ халқының ұлттық мұрасы — домбыраның шығу тарихы мен рухани маңызы жайлы тың деректермен танысты. Сонымен қатар, шекарашылар ұлттық күйлер орындап, жыр-термелер айтып, өз өнерлерін ортаға салды.
Іс-шараның мақсаты — жауынгерлер арасында ұлттық мәдениетті насихаттап, жастарды патриотизм мен рухани құндылықтарға баулу болды.
Тақырыптық кеш достық пен бірліктің, елге деген сүйіспеншілік пен құрметтің жарқын көрінісіне айналды.

                                 ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз