Дамудың даңғыл жолы
Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ Жолдауында көрсетілген барлық бағыт ел тағдыры үшін аса маңызды. Солардың бірі – «Экономиканы жан-жақты цифрлық жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді» делінген жетінші мәселеге тоқталсақ деймін.
Президент 100 мыңға жуық студентті жоғары технологиялық жобаларға тартуды көздейтін «Al-Sana» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағанын, ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын қалыптастыру керек екендігін атап өтті. Осы тұста...
Жасанды интеллект — даму бағыты
Талдықорған қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен аймақтағы этномәдени бірлестік жетекшілерінің қатысуымен арнайы жиын өтті.
Басқосудың басты мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жұртқа жеткізу. Осы барыста қоғамның дамуы, цифрлық өзгерістердің маңызы, этносаралық келісім мен бірлікті нығайтудың жолдары кеңінен талқыланды. Жиынға қатысушылар алдында...
eGov.kz порталы арқылы электронды форматта анықтамалар алудың қолжетімділігі туралы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бірлесіп, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сұраныс деңгейіне талдау жүргізді. Талдау нәтижесінде өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы көрсетілетін 15 неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызмет анықталды.
Бүгінгі күні азаматтардың елеулі бөлігі eGov.kz порталы арқылы электронды форматта қолжетімді анықтамаларды алу үшін Халыққа қызмет...
Үздік әлеуметтік қызметкерлер мен жобалардың республикалық байқауына қатысуға 500-ден астам өтінім түсті
Республикалық «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» конкурсына қатысуға бүгінгі күнге дейін 509 өтінім келіп түсті, өтінімдерді қабылдау қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Ең көп өтінім «Үйде қызмет көрсету ұйымының үздік әлеуметтік қызметкері» номинациясы бойынша – 196.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бастамашы болған бұл конкурс әлеуметтік сала мамандарының белсенділігін және инновациялық бастамаларын анықтап, көтермелеуді, сондай-ақ олардың кәсіби...
«World Clean Up Day» жаһандық экологиялық акция: Жетісуда 13 мың тұрғын қатысты, 500-ге жуық гектар жер тазартылып, 700 тоннадан астам қоқыс шығарылды
Бүгін Жетісу облысында «World Clean Up Day» жаһандық экологиялық акциясы аясында жалпыоблыстық сенбілік өтті. Оған өңірдің 13 мың тұрғыны, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлері, бизнес өкілдері, еріктілер және басқа да ниет білдірген жұртшылық қатысты, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімі баспасөз қызметі.
Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметінше, жалпыоблыстық сенбілікке 193 техника тартылып, 435 гектар аумақ тазартылды, 710 тонна тұрмыстық...
Алматыда шахматтан кадеттер арасындағы әлем чемпионаты басталды
Турнир 2025 жылғы 19–30 қыркүйек аралығында өтеді. Жас санаттары – U8, U10 және U12. (FIDE World Cadet C hess Championships 2025).
Чемпионатқа қазірдің өзінде 88 елден 850-ден астам жас шахматшы тіркелді. Олардың қатарында Үндістаннан (28), Қытайдан (25), АҚШ-тан (24) қатысушылар бар. Қазақстан чемпионат иесі ретінде 200-ден астам ойыншы шығарады.
Турнирдің ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Халықаралық...
2025-2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын (ЭКСЖ) іске асыру басталды
Бүгін Астанада «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы: қазақстандық бизнес үшін мүмкіндіктер» тақырыбында конференция өтті. Оған мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, табиғи монополиялар субъектілерінің, отандық тауар өндірушілердің, мердігер ұйымдардың және ЭКСЖ жеткізушілерінің 250 өкілі қатысты.
Конференцияның пленарлық отырысын аша отырып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев инфрақұрылым сапалы болмай, экономикалық және индустриялық өсім, қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру мүмкін емес екендігін...
Сот алаяқтық ісі бойынша үкім шығарды
Қызылорда қаласының №2 сотында ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп айыпталған А.және Б. қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы, 4-бөлігі 2-тармағы).
Сотпен анықталғаны:
А. және Ж. жүктілік және босану, сондай-ақ бала күтімі бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді алушыларға құжат бойынша бірнеше жұмыс орындарын жалған көрсету жолымен төлемдердің мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік беретін қылмыстық жоспар әзірлеген.
Сотталушылар әлеуметтік төлем алушылардың атынан жұмысқа орналасу туралы...
Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағының офлайн кезеңі басталады
20 қыркүйектен бастап елімізде ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңі өтеді. Интервьюерлер барлық елді мекенде үй-үйді аралап, деректер жинайды. Жалпы саны шамамен 1,2 млн үй шаруашылығын қамту жоспарланған.
Ауыл шаруашылығы санағы елімізде екінші рет өткізіліп отыр. Оның мақсаты – аграрлық саланың жағдайы туралы толық мәлімет алу, әсіресе ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер деңгейінде. Сауалнама парағы 22 сұрақтан тұрады. Онда мал мен...
Мемлекеттік корпорация қызмет көрсету сапасын арттыру үшін оқыту іс-шараларын ұйымдастыруда
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін жетілдіруге және заманауи тәжірибелерді енгізуге бағытталған оқыту іс-шараларын тұрақты түрде өткізіп келеді.
2025 жылдың басынан бері корпорация мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне кәсіби дағдыларын дамытуға, сапалы әрі ашық мемлекеттік қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін бірқатар оқытуларды іске асыруда.
Аталған кезеңде корпорацияның фронт-офистерінде мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен 43 оқыту іс-шарасы өткізілді. Бұл семинарлар тәжірибе алмасуға, бірыңғай...





























