Мен, Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері К.К.Баймухамбетов «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексінің 7-1-бабы 1-тармағының 13 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасында, оның ішінде Алматы облысында СOVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы материалдарды қарап, Қазақстан Республикасының аумағында және Алматы облысының аумағында коронавирустық инфекцияның туындауына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың шешімдеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасы халқының арасында короновирус инфекциясының алдын алу шараларын әрі қарай күшейту туралы» 2020 жылдың 10-шы мамырдағы №36 Қаулысына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Карантинді жалғастыру және Алматы облысының аумағында карантиндік шараларды кезең-кезеңімен босаңсыту. Карантиндік іс-шаралардың режимі мен мерзімдері «COVID-19» коронавирустық жұқпасының таралу жағдайының өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.
  2. Аудан және қала әкімдері, Облыстың денсаулық сақтау басқармасы қамтамасыз етсін:
    • Байланыссыз термометрия жүргізу үшін медицина қызметкерлері, полиция, әскери қызметшілер қатарынан, мемлекеттік шекарада, көрші облыстармен шекарада және Алматы мен Талдықорған қалаларының айналасында блок-бекеттердің болуы. COVID-19 ауруы тіркелген ауылдық елді мекендерді полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерді тарта отырып қоршауды.
    • Коронавирустық инфекция (COVID-19) бойынша қолайсыз аумақтарды қоспағанда, коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі аудандық және қалалық ведомствоаралық комиссиялардың шешімі бойынша, тиісті аумақтағы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулыларын шығара отырып, облыстың аудандары мен қалалары арасындағы блок-бекеттерді алуды.
    • Көрші облыстармен шекарадағы блок-бекеттерде іске қосылған қызметтерді жеке гигиенаны сақтау үшін қажетті жағдайлармен, жеке қорғаныс құралдарымен (бір реттік бетперде, қолғаптар, қорғаныс көзілдіріктері және/немесе экрандары) және азық-түліктермен қамтамасыз ету.
    • Көршілес облыстар арасындағы блок-посттардағы санитарлық-карантиндік бақылауды Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес ұйымдастыруды.
    • Барлық тұлғалар мен көліктің Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен облыс аумағына кіруіне келесілерді қоспағанда тыйым салу:
  • үй карантинінде медициналық бақылауды ұйымдастыра отырып, Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен немесе шет мемлекеттерінен қайтып келе жатқан Алматы облысының тұрғындарын;
  • жергілікті атқарушы органдармен берілген арнайы рұқсат қағаздары бар адамдар мен көліктерін;
  •  жүктерді, оның ішінде транзиттік жүктерді тасымалдайтын тұлғалар мен көліктерін;
  • растайтын құжаттар болған жағдайда, Алматы облысы арқылы транзитпен өтетін тұлғалар мен көліктерін;
  • халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін адамдар, сондай-ақ карантинді енгізу кезеңінде стационарларда және карантиндік және провизорлық стационарларда бақылауда болған адамдарды;
  • Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері белгілеген күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және қосымша талаптарды сақтаған авиарейстер;
  • ТЖ режимі тоқтатылғаннан кейін өз жұмысын қайтадан бастаған ұйымдарға бару және келу үшін жұмыс орыны бойынша елді мекенде тіркеуде тұратын және жұмыс орнынан анықтамасы бар адамдарды;
  • карантин жарияланған өңірлердің/қалалардың аймақтарына медициналық көрсеткіш бойынша келетін және кететін азаматтар және еріп жүретін адамдар 2 адамнан аспауы керек, келесі құжаттар болуы қажет:
  • денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген 035-1/е нысанына сәйкес диагнозды және емдеу жеделдігін растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы»;
  • бірінші басшы қол қойған және елтаңбалы мөрмен расталған диагнозы көрсетілген және жеделдігін растайтын карантиндік аймақта орналасқан медициналық ұйымнан шақыру-хат;
  • осы қаулының 2.5 тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, жеке санаттағы адамдарға жергілікті атқарушы органдар береді. Бұл ретте көрсетілген адамдар келген жері бойынша 14 күнге үй карантиніне жатады.
    • Аудандар мен қалалар арасында адамдарды автокөлік, теміржол транспорттары арқылы тасымалдауды жүзеге асыратын вокзалдардың, қызметін тоқтата тұруды.
    • Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салуды.
    • Сауда-ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың қызметіне тыйым салуды.
    • Әкімдік жанындағы мобильды топтардың нысандарға іріктеп тексеру жүргізу және эпидемияға қарсы режим талаптарының, жұмыс режимінің сақталуына мониторинг жүргізуді.
    • Әскери бөлімдерге келгеннен кейін әскерге шақырылушыларды ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық тексеруді.
    • Қазақстан Республикасыынң Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес қоғамдық орындарды, өнеркәсіптік аумақтарды, әуежайларды, аула балалар алаңдарын және басқа да нысандарға санитарлық және дезинфекциялық өңдеуді жүргізуді.
    • Халық арасында COVID-19 таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді.
    • Банктердің, почта бөлімшелерінің, халыққа қызмет көрсету жұмысын алдын ала жазылу бойынша, электрондық кезекпен және басқа да шаралар бойынша халықтың жиналуына жол бермеу және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында ұйымдастыруды.
    • Кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз өз бетінше жүріп-тұруына тыйым салуды.
    • Бетпердесіз барлық жерде, соның ішінде қоғамдық көлікте болуға тыйым салуды.
    • Медицина қызметкерлерді тұрғындардан, отбасынан оқшаулап, тазалық және демалыс үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, стационардан тыс (қонақ үйлер, санаторийлер және т.б.) тұруын, тамақтануын. Бөлмеге 1 немесе 2 адамнан, бөлек орналастыруын.
    • Медицина қызметкерлерін карантиндік стационарлар мен тұратын жерлерден/ауруханаға тасымалдау үшін көлік бөлуін. Тұрақты жүргізушілерді бекіту және оларға медициналық бақылау жүргізуді.
    • Халықтың тұратын жерінен 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің бетпердені кию және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып еркін шығуына рұқсат беруді.
    • 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің бетпердені кию және әлеуметтік қашықтықты сақтай халықтың жаппай жиналатын орындарына (саябақтар, скверлер, жағалаулар)шығуына рұқсат беруді.
    • Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып аулаларға шығуына рұқсат беруді (3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен).
    • Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен бекітілген күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және қосымша талаптарды сақтай отырып басқа облыс аймақтарына кіруіне / шығуына (авиарейстер) рұқсат беруді.
    • Саяжайға (қала сыртындағы үйге) бару үшін елді мекеннен келуге/кетуге рұқсат беруді.
    • Білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқыту, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін жүргізуді.
  1. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, облыстық полиция департаменті, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы және «Атамекен» ҰКП келесі қызметтердің тоқтатылуын қамтамасыз етсін:
    • Ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, үйірмелердің, интернет және компьютерлік клубтардың, ойын алаңдарының, отбасылық демалыс орындарының және басқа да адамдар көп жиналатын орындары.
    • Қазақстан Республикасының өңірлері, аудандар, қалалар, елді мекендер арасында жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын автовокзалдар, темір жол вокзалдары, автостанциялар.
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қолданыстағы Қаулыларына сәйкес онлайн-тапсырыстарды ұйымдастыруды және жеткізуді қоспағанда, 30 орыннан асатын қоғамдық тамақтану нысандары.
    • Түнгі клубтар, кальян барлар.
    • Ойын-сауық нысандарды (интернет-клубтар, букмекерлік, бильярд, караоке, ps-клубтар, квест, антикафе, боулинг-орталықтар және т. б.).
    • Барлық меншік нысанындағы спорт нысандары (фитнес, йога, бассейндер, тирлер, атыс орындары және т. б.), 50 орынға дейінгі стадиондарды қоспағанда.
    • Қонақ үйлер, отельдер.
    • Қоғамдық моншалар.
    • Діни нысандар.
  2. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы және «Атамекен» ҰКП күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қызметке рұқсат беруді қамтамасыз етсін:
    • Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим ұйымдастырылған өнеркәсіптік, өндірістік кәсіпорындар (нысандар).
    • Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим талаптарын сақтай отырып алдын ала жазылу бойынша қабылдайтын меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар (орталықтар), оның ішінде стоматологиялық ұйымдар.
    • Ветеринариялық қызметтер, оның ішінде ветеринариялық және мал шаруашылығының жедел жәрдем қызметтері.
    • Зертханалардың барлық түрлері.
    • Супермаркеттер, азық-түлік дүкендері, оның ішінде көп пәтерлі тұрғын үйдегі, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы дүкендер.
    • Дәріханалар, оның ішінде ветеринарлық.
    • Облыстың коммуналдық қызметтері мен инфрақұрылымдары (электр энергетикалық компаниялар, сумен жабдықтау/жылумен жабдықтау, өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері, тұрғын үй қорын басқару саласындағы қызметтер (электриктер, сантехника, аулалар мен үй-жайларды жинау, авариялық қызмет, оның ішінде лифтілерге қызмет көрсету), көшелер мен үй-жайларды жинау, қоқыс пен қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату, дезинфекциялық қызметтер, жол қозғалысын реттеумен техникалық құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар.
    • Телекоммуникация және байланыс (инженерлік қызмет қызметкерлері үшін (ұялы байланыстың базалық станцияларын, жөндеу бригадаларын, коммуникация желілерін басқару және карантин кезеңінде барлық жабық нысандарға, оның ішінде базалық станциялар және байланыс операторларының жабдықтары орналасқан сауда нысандарына қол жеткізе отырып, техникалық қолдау орталығын монтаждау және салу).
    • Арнайы бұқаралық ақпарат құралдары.
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы Қаулыларына сәйкес жұмыс алгоритмін сақтай отырып, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізетін ұйымдар мен жұмысшылар.
    • Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және қалыпты жұмыс кестесімен автожанармай құю және автогаз құю станциялары.
    • Толымдылығы отыратын орындардың санынан аспайтындай, қоғамдық көлікпен адамдарды тасымалдауға арналған қызметтер, таксидің ресми қызметтері. Мамандандырылған көлік тиісті белгілермен (таксиге арналған белгі) және жүргізушінің жеке басы туралы ақпараты жолаушыға көрнекті орында (жүргізушінің паспорттық деректері, кәсіпорынның деректері, телефон нөмірі, атауы, автомашинаның нөмірі) жабдықталуы тиіс.

       Санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау талаптарын күшейту. Әрбір рейстен кейін дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, есік тұтқаларын және салонның ішінде ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізуге міндетті, әрбір 3 сағат сайын ауыстырудың кезеңділігін ескере отырып, жеке қорғаныш құралдарын (қорғаныш бетперделер, қолғаптарды), сондай-ақ қолды өңдеуге арналған антисептиктерді пайдалануы тиіс.

  • Сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, олардың жұмысын қамтамасыз ететін тұлғалар мен ұйымдар.
  • Салттық қызмет көрсету нысандары, зираттар.
  • Мемлекеттік басқарудың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекеттік, құқық қорғау және басқа да мамандандырылған органдар мен олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары.
  • Жолдар мен көпірлерге, оның ішінде темір жолдарға қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.
  • Тұрмыстық және электрондық техниканы жөндеу бойынша қызметтер, жұмыс рұқсаты сағат 17:00-ге дейін.
  • Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып ұзақ және тығыз қатынасты болдырмайтын нысандар, құрылыс дүкендері, саяжай құралдарын тарататын дүкендер, оптика (дүкендер), фотосалондар, гүл дүкендері, зоодүкендер.
  • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, шиномонтаж, автосалондар.
  • Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және медициналық бетперде киген келушілерді жіберуді қамтамасыз ететін сұлулық салондары, шаштараздар (алдын ала жазылу бойынша).
  • Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б).
  • Ашық ауада көрерменсіз спорттық іс-шаралар мен жаттығулар.
  • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мәдениет нысандары (жеке және топтық дайындық 30 адамға дейін).
  • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып халыққа қызмет көрсету нысандары: баспаханалық қызмет көрсететін нысандар, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу бойынша сервис, химиялық тазалау, кір жуу орындары және жиналуды, ұзақ, тығыз қарым-қатынасты болдырмайтын өзге де нысандар.
  • Туристерді қабылдау және қызмет көрсету құқығынсыз санаторийлерде, туристік базаларда, шипажайларда, демалыс үйлерінде, балаларды сауықтыру мекемелерінде, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде, мұражайларда адамдарды орналастыру және демалу орындарын жазғы туристік маусымға дайындау жөніндегі қызмет.
  • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес жұмыс алгоритмі сақталған аэропорттар.
  • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және қосымша талаптарды сақтай отырып, толымдылығы отыратын орындар санынан көп емес қоғамдық көліктер.
  • Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып халыққа қызмет көрсету орталығы.
  • Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып екінші деңгейдегі банктер, кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары, ломбардтар.
  • Жұмыс режимі 10.00-15.00 рұқсат етілген банктік емес айырбастау пункттері.
  • Күзет ұйымдары
  • Ақпараттық-коммуникациялық технология компаниялары.
  • Сыйымдылығы 30 отыратын орынға дейінгі, сондай-ақ санитарлық-эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, жазғы алаңы бар ашық ауада жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану.
  • Барлық азық-түлік емес дүкендердің, оның ішінде сауда үйлерінің (орталықтардың) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып.
  • Азық-түлік және азық-түлік емес базарлары күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулысына сәйкес 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
  • Моншалар (қоғамдықтан басқа), сауналар, СПА, массаж орталықтары және т.б. күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып қызмет көрсету саласының нысандары.
  • Мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтардың (жасы бойынша) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулысына сәйкес.
  • Қызметкерлер мен балалардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізумен (дене қызуын өлшеумен), ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен балаларды шеттетумен, сондай-ақ күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып шағын жинақты білім беру орталықтары, үйірмелер (жазба бойынша).
  • Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, құтқарушыларды, техникалық қауіпсіздік бойынша жауаптыларды, күзет жән басқа мамандандаырылған ұйымдарды қайта оқыту үшін мамандандырылған оқу орталықтарын.
  • 50 орынға дейінгі ашық стадиондар.
  • Қапшағай қаласының РМҚК «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы»
  • Ақпараттық арналар арқылы қызметіне рұқсат етілетін нысандарды хабардар ету, бейінді қауымдастықтардың қатысуымен бейнеконференциялар өткізу, ресми веб-ресурстарға қажетті ақпаратты орналастыру.
  1. Алматы облысының аудандары мен қалаларының ведомствоаралық комиссиялары, облыстың аудандары мен қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері ведомстволық бағынысты аумақтардағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты өзге де шектеу шараларын қабылдауға құқылы.
  2. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, құқық қорғау арнайы органдары және де басқа да тартылған мемлекеттік органдар (ұйымдар) қамтамасыз етсін:
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып кеңселердің, мемлекеттік органдардың қызметтерін. Бұл үшін қызметкерлердің 50% қашықтан жұмыс жасау формасы (штат кестесі сәйкес 30 қызметкерден көп болса) сақталады.
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес облыс ішінде және шекарада блок-бекеттерде санитарлық-карантиндік пункттерді ұйымдастыруды.
    • Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарда, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, интернат үлгісіндегі мүгедек балаларға арналған оқу орындарында карантин және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды.
    • Қызметті жүзеге асыратын барлық нысандарда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, беткейлерді күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып ылғалды жинау, желдету).
    • Көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерінің таяныштарын, спорт снарядтарын, балалар және спорт алаңдарын, орындықтар мен орындықтарды, банкоматтарды, банктердің терминалдарын, POS-терминалдар алдында қоғамдық көліктің жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді.
  3. Меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылған ұйымдарда жұмыс істейтін барлық ұйымдардың басшылары елдің басқа өңірлерінен, аудандарынан, қалаларынан, облыстың елді мекендерінен іссапарға келген барлық тұлғалардың нәтижесін алғанға дейін CОVID-19 зертханалық тексеру жүргізу үшін үй карантинінде оқшаулауын қамтамасыз етісін. COVID-19 зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін теріс нәтижесі бар адамдар жұмысқа қайтарылады, оң нәтижесі бар адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады.
  4. Аэропорттың басшылары қамтамасыз етсін:
    • Шетелге келгеннен кейін әуе кемелерін, оның ішінде жер үсті жабдығы мен көлігіне қызмет көрсететін жабдықтарды қорытынды дезинфекциялауды.
    • Әрбір тұрақты және чартерлік рейстерден кейін әуе кемелерін ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды.
    • Тұрақты және чартерлік рейстердің жолаушыларын түсіруге және отырғызуға тартылған әуежай терминалдарының барлық үй-жайларын ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды.
  5. «Қазпочта» АҚ Алматы облыстық филиалы әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бөлімшелердің жұмысын, қызметкерлердің халыққа бір реттік қолғаптар мен медициналық бетперде қызмет көрсетуін, пошта хат-хабарларымен (хаттар, сәлемдемелер және т.б.), жеке қорғану құралдарымен (халат, медициналық бетперде, қолғаптар) байланысты жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етсін.
  6. Карантиндік шаралар кезінде жұмыс істейтін нысандарға мынадай санитариялық және дезинфекциялық режимдерді сақтау қажет:
    • Жұмысы қашықтан жүргізілуі мүмкін қызметкерлерді қашықтан жұмыс режиміне ауыстыру.
    • Кіру және шығу кезінде қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату.
    • Барлық қызметкерлерге бір рет қолданылатын бетперде мен қолғаптарды пайдалану.
    • Үстелдердің, сөрелердің, орындықтардың, баспалдақтардың тұтқаларының, есіктердің едендері мен барлық беттерін дезинфекциялық құралдармен қолдану нұсқаулығына сәйкес күніне кемінде 3 рет өңдеу.
    • Келушілердің бетпердесіз болуына жол бермеу.
    • Келушілердің әлеуметтік қашықтығын кемінде 2 метр сақтауды қамтамасыз ету.
  7. Рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілмеген салалардың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары осы қаулының қолданылуының барлық уақытында әдеттегі жұмыс режимін тоқтата тұруға тиіс және өз қызметін қашықтықтан жалғастыра алады.
  8. Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы (Ысқақ Б.) қамтамасыз ету:
    • Клиникалық хаттамаға сәйкес тексеру үшін 3 күнге дейінгі мерзімге COVID-19-бен ауыратын науқастарды инфекциялық стационарға жатқызуды қамтамасыз етсін. Симптомсыз вирус тасымалдаушылық кезінде (ПТР РНК SARSCoV-2 оң нәтижесі, шағым жоқ, өкпені аспаптық визуализациялау кезінде клиникалық симптомдар және патологиялық өзгерістер жоқ) пациент Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің аудандық және қалалық басқармаларының эпидемиологының келісімі бойынша емдеуші дәрігердің шешімімен шығарылуға жатады;
    • Клиникалық хаттамаға сәйкес оқшаулау жағдайлары болған кезде COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдардың үйдегі карантинін және медициналық бақылауды;
    • Үйде оқшаулау жағдайы болмаған кезде COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды карантиндік стационарға жатқызуды;
    • Үй карантинін ұйымдастыру үшін тұрғын үйдің талаптарға сәйкестігін бағалауды;
    • Үйде медициналық бақылаудың жүргізілуін және үй карантині талаптарының сақталуын бақылауды;
    • COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін шетелден келген адамдарды карантиндік стационарға жатқызуды;
    • СОVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды және шетелден/өңірлерден келген адамдарды әртүрлі карантиндік стационарларға орналастыруды;
    • Медицина персоналының орнын ауыстыруын болдырмай оларды карантиндік стационарларға бекітуді (COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарға арналған карантиндік стационарлардың медицина персоналын және шетелден/өңірлерден келген адамдарға арналған карантиндік стационарлардың медицина персоналын араластыруға жол берілмейді);
    • Карантиндік стационарлардың медицина персоналының қорғау деңгейі 2 ЖҚҚ-ны пайдалануын;
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес тиісті контингенттерді COVID-19-ға зертханалық зерттеуді;
    • COVID-19 науқастарымен байланыста болған адамдарды COVID-19-ға зертханалық тексеруді (ықтимал байланыс) және оларға COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіруді;
    • Үйде оқшаулау жағдайында 14 күн бойы COVID-19 науқастарымен байланыста болған адамдарды (жақын байланыс) зертханалық тексеруді және медициналық бақылауды (үй карантині);
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес Халыққа профилактикалық егуді жүргізуді қамтамасыз етсін.
  9. Қоғамдық тамақтандыру саласындағы 30 орыннан асатын кәсіпкерлік субъектілеріне (нысандарына):
    • Тұтынушыға дейін тауарды бір реттік орамда (тағамдарды, сусындарды және басқаларды) жеткізу арқылы ғана қызметті жүзеге асыру;
    • Персоналмен жұмыс кезінде бір рет қолданылатын қолғаптар мен бетперделердің пайдалануын қамтамасыз ету (бетперделерді 3сағатта кемінде 1 рет ауыстыру);
    • Жіті респираторлық жұқпалары (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітуі және т. б.) бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;
    • Кіру және шығу кезінде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату;
    • Есіктердің тұтқаларын, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын, эскалаторлардың тұтқаларын, баспалдақтарды, есіктерді, едендерді дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды жинауды жүргізу және үй-жайларды желдетуді, дәретханаларды, оның ішінде аулаларды жұмыстың әрбір 3 сағат сайын және жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін күшейтілген дезинфекциялық жинауды жүргізу.
  10. Алматы облысының полиция департаменті қамтамасыз етсін:
    • Аумақтағы Бас санитарлық дәрігерлердің қаулысы бойынша науқастардың және байланыста болған адамдардың тұратын орындарын қоршап, оқшаулауды;
    • Жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, оның ішінде профилактикалық сипаттағы шараларды қолдануды;
    • COVID-19 науқастарымен байланыста болған және басқа өңірлерден келгендерді санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарынан мәліметтер беру бойынша іздеуді;
    • Қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермей, провизорлық, карантиндік стационарларды және үй карантиніндегі адамдарды күзетуді.
  11. Аудандық, қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларына қамтамасыз ету:
    • COVID-19 науқасынан COVID-19 жағдайының тіркелгені туралы хабарлама алған сәттен бастап 3 сағат ішінде сауалнама алуды.
    • COVID-19 жағдайының тіркелгені туралы хабарлама алған сәттен бастап 24 сағат ішінде эпидемиологиялық тергеп-тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19-дың әрбір жағдайын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді.
    • COVID-19 науқастарымен бірінші (жақын) және екінші (жұмыс, оқу орны бойынша) байланыс дәрежесін анықтауды.
    • COVID-19 науқастарының ошақтарында эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуді.
    • Жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес дереу шаралар қолдануды.
  12. Облыстың ішкі саясат басқармасы және бұқаралық ақпарат құралдары:
    • Үй жағдайында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алуға, жеке алдын алу шараларына және ауру жағдайында мінез-құлық тактикасына баса назар аудара отырып, түсіндіру-ағарту жұмыстарын күшейту.
    • Халық үшін ресми көздерден шынайы ақпаратты орналастыру (coronavirus2020.kz ескерту. anti-corona.kz және әкімдіктердің ресми сайттары).
  13. Осы қаулы барлық мүдделі органдардың, ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
  14. Қаулы барлық жеке және заңды тұлғалардың, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті.
  15. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  16. Осы қаулы күшіне енген сәттен бастап Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 11 мамырдағы «Алматы облысының аумағында үшінші сатыны іске асыру кезеңінде карантин және карантиндік шараларды босаңсыту туралы» № 10 Қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  17. Осы Қаулы 2020 жылы 18 мамырдың 08:00 сағаттан бастап күшіне енеді.
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK