Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай, Талдықорғанда «Бақытты отбасы» квест-байқауы өтті. Оған 10 отбасы қатысып, өзара үздіктерін анықтады, деп хабарлайды Taldykorgan-online.kz.

Отбасылық құндылықтар мен қазақстандық отбасы институтының оң имиджін нығайту және насихаттауды мақсат еткен шараға Алматы облысы бойынша «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі мұрындық болған.

Байқау талаптары «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің @ruh7su инстаграм парақшасында жарияланған. Әрі, квест тапасырмалары да осы парақшада беріліп отырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, короновирус пандемиясына байланысты қатысушылардың қауіпсіздігіне баса мән берілген. Яғни, әркімнің бетпердесі, қолғабы болуы шарт. Және қала ішінде жүретіндіктен, жол қозғалысы ережесін сақтау қатаң тапсырылған. «Байқау талабына сәйкес, қатысушылар қала ішіндегі 7 орынды табуы керек. Бас-аяғы 1,5 сағаттың ішінде  қатысушылар тапсырманы түгел орындады. Ал, мәреге ең бірінші болып «БАҚ» тобы келді. Жеңіс құтты болсын! Елімізде бақытты отбасылар көп болсын!» дейді «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі» ЖШС директоры Дана Дүйсенова.

«Ойын тамаша өтті. Карантин деп үйде отырып қалғандар бір жасап қалды деп ойлаймын. Тапсырмалар да қызықты. Бала-шағамызбен жақсы әсер алдық. Ауызбірлігіміз артып, өзіміз тұрып жатқан Талдықорғанымызды тереңірек тани түскендейміз» дейді жеңімпаз «БАҚ» тобының мүшесі Эльмира Балабекова.

Сонымен, бас жүлде алған топқа смартфон сыйланса, өзге қатысушылардың бәріне алғыс хаттар тапсырылды. Бұндай жарыстар қала аумағында болшақта да ұйымдастырылмақ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK