28.6 C
Taldykorgan, KZ
Воскресенье, 26 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 169

Мүгедектігі бар азаматтарға құрмет

Егемендік алған тұстан бері елімізде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау, олардың өмір сүру сапасын жақсарту және қоғам өміріне толыққанды араласуын қамтамасыз ету бағытында бірқатар маңызды реформалар жүзеге асырылып келеді. Әрбір жанның тең мүмкіндіктерге ие болуын қамтамасыз ету мемлекеттің басты қағидаларының бірі. Бұл азаматтардың әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси өмірге толыққанды қатысуын қамтамасыз етудің қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін...

Ғалым мұрасы: Жетісуда Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Жетісу облысында «Шоқан Уәлиханов: тарих және тұлға» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Этнограф ғалым, ағартушы, тарихшы және географ Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған шараға Қырғызстан, Өзбекстан, Ұлыбритания мемлекеттерінің және еліміздің ғалымдары қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Конференцияның ашылуында көпшілікті облыс әкімінің атынан құттықтаған орынбасары Диас Есдәулетов Шоқан Уәлиханов мұрасы түрік халықтарының тарихы мен мәдениетін тануға септігін тигізетінін...

Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру үшін не білуіміз қажет?

2025 жылдың тоғыз айында Жетісу облысында жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын алу үшін 10595 өтініш қабылданды. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – оның кадастрлық нөмірі сияқты бірегей сипаттамаларын қамтитын және оған құқықты растайтын құжат. Сәйкестендіру құжатын алу үшін, жерге орналастыру жобасы әкімдіктің жер қатынастары бөлімінің бұйрығымен бекітіледі. Мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО жүгініп немесе электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беруге болады. Бұл мемлекеттік қызмет ақылы...

Бейбіт Исабаев Алматыдағы Корея Республикасының Бас консулымен кездесті

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулы Ха Тэ Ук мырзамен кездесті, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Кездесуде облыс әкімі Ха Тэ Ук мырзаны жуырда тағайындалуымен құттықтап, көпжылдық достық қатынастарға негізделген жоғары деңгейдегі ынтымақтастықты атап өтті: – Халықтарымыз арасындағы достықтың тамыры тереңде. Бүгінде облыста он мыңға жуық кәріс ұлтының өкілі тұрады, олардың әрқайсысы облыстың...

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Ресей» форматындағы алғашқы ректорлар форумын Қазақстанда өткізуді ұсынды

Осы орайда, жоғары білім саласындағы байланысты дамытудың мәні ерекше арта түсті. Бүгінде Қазақстанның 60 университеті Ресейдің 50 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан. Ресейде 60 мыңнан аса қазақстандық студент оқиды. – Елімізде Ресейдің жетекші оқу орындарының 9 филиалы жұмыс істейді. Олардың қатарында биыл пайдалануға берілген Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының филиалы да бар. Былтыр Қазақстанда Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру...

Мемлекет басшысы «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізінің шығыс тармағын инвестициямен және инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша бірлескен бағдарламаны іске қосудың маңызын атап өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметінің алдында Ресейдің және Орталық Азия елдерінің Үкіметтерімен бірге өңірдің, жалпы еуразиялық кеңістіктің заманауи, қауіпсіз, орнықты көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту мақсатында белсенді жұмысты жалғастыру міндеті тұрғанына назар аударды. 2030 жылға дейін 5 мың шақырымнан аса жаңа темір жол төсеп, 11 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланған. –«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің өткізу мүмкіндігін арттыру үшін нақты қадам...

Президент Қазақстан мен Ресей арасында астықты терең өңдеудің бірлескен кластерін құру жобасын қарастыруды ұсынды

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығындағы бірлескен жұмыстардың мүмкіндігі көп екенін мәлімдеді. – Қазірдің өзінде оң нәтиже бар. Бірақ инновацияларды бірлесіп енгізуге екпін бере отырып, мол табысқа жетуге болады. Бұл арада агротехнологиялық стартаптар құру, жер игерудің дәл технологиясын кеңінен қолдану, заманауи агрологистикалық алаңдарды дамыту, құзыреттер орталығын жасанды интеллектіні пайдалана отырып қалыптастыру жөнінде сөз болып отыр. Ресей әлемдегі ірі астық өндіруші және тасымалдаушы...

Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытып, саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырған Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға алғыс айтты. Сонымен қатар Орталық Азия және Ресей арасында шынайы достық пен ынтымақтастықты, стратегиялық серіктестікті нығайтуға үлкен үлес қосқаны үшін Ресей Президенті Владимир Путинге ризашылығын білдірді. – Орталық Азия – қарқынды дамып келе жатқан әлеуеті мол аймақ. Оның жаһандық үдерістердегі қазіргі және келешектегі рөлі зор. Мұны...

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді

Президенттер Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейіл екендерін растады.   Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асырудың маңызына тоқталды. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға «Орталық Азия – Ресей» саммитін, сонымен қатар ТМД Мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын табысты өткізуге тілектестік білдірді.

Астанада Өнер музейі ашылды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа Өнер музейін тамашалады. Министр 1600-ден астам ұлттық музыкалық аспап қойылған музей экспозициясымен танысты. Музейде сирек кездесетін және ұмыт бола бастаған аспаптарға ерекше назар аударылған. Атап айтсақ, желбуаз, мес сырнай, уілдек, тастауық және басқа да көне аспаптар бар. Барлық экспонатты музей қызметкерлері қолдан жасаған. Сонымен қатар, көпшілікке ұлттық киімдер залы мен мекеменің шеберханасы...