Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-ке мемлекеттік қолдау тетігін жетілдіруде
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне қаржыландыруды жеңіл әрі қолжетімді ететін пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялаудан жеңілдетілген несиелеу жүйесіне көшу бойынша жұмысты жалғастыруда.
АӨК субъектілерін қолдау мақсатында жылдық 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламалары іске асырылуда. Оның шеңберінде көктемгі егіс және орақ жұмыстарын қаржыландыру, ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке алу, қайта өңдеу кәсіпорындары үшін айналым қаражатын толықтыру, бордақылау алаңдарына ірі қара және...
Жетісуда әлеуметтік осал топтағы 2 мыңнан астам отбасының үйіне датчиктер орнатылады
Жетісу облысында бүгінгі таңда өрттің алдын алу іс-шаралары мен үй аралау жұмыстарымен әлеуеметтік осал топтағы 7616 отбасы қамтылды. Осы санаттағы отбасы үйлеріне газдың қауіпті шоғырлануын анықтайтын 2045 датчик орнату жоспарланған. Бүгінгі күнге соның 820-сы орнатылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, датчиктер Кербұлақ, Ескелді, Сарқан, Панфилов, Ақсу аудандарында қойылған. Жалпы...
Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
Астанада XIІ Азаматтық форум аясында Қоғамдық кеңестердің IV Республикалық мәжілісі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, өңірлік және республикалық қоғамдық кеңестердің мүшелері, сарапшылар, халықаралық серіктестер мен азаматтық сектор өкілдері қатысты.
Өз сөзінде министр қоғамдық институттардың тұрақты дамып, олардың рөлінің артып келе жатқанын атап өтті.
«Қоғамдық кеңестердің тиімді жұмысы көбіне сіздердің белсенді ұстанымдарыңыз бен бастамашылдықтарыңызға байланысты. Бұл алаңда...
Ел азаматтарының Парламенттік реформаны талқылауға қатысуы маңызды
Мемлекет басшысы Жұмыс тобының алғашқы отырысында ел азаматтарының Парламенттік реформаны талқылауға қатысуы маңызды екенін атап өтті.
Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік e-Otinish платформасында және eGov сервисінде азаматтардың парламенттік жүйені жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын жинау ұйымдастырылады. Олар «Парламенттік реформа» атты арнайы бөлімге ұсыныстарын жолдап, елдің саяси жүйесін жаңғыртуға үлес қоса алады.
Парламенттік реформаны мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалог арқылы жүзеге асыру Мемлекет басшысының...
Қазақстан жастары елінің беделін мақтан етеді – зерттеу нәтижелері
«British Council» ұйымы жүргізген «Қазақстанның болашақ ұрпағы» атты зерттеу нәтижелері жарияланды. Бұл зерттеу аясында ұйым бүкіл әлем бойынша жастардың пікірін білдіруге мүмкіндік беретін «Next Generation» («Болашақ ұрпақ») платформасын ұсынады. Мақсат – олардың үніне құлақ асып, көзқарасы, проблемалары және қоғамды өзгерту мен қалыптастырудағы рөлін түсіну.
Қазақстандағы зерттеу LSE Consulting, Орталық Азия Барометрі және жоба бойынша Консультативтік кеңес серіктестігі аясында жүзеге асырылды.
Зерттеуге...
Президент тапсырмасы бойынша Жетісу облысындағы ауылдарды сумен қамтуға Арнаулы мемлекеттік қордан қаржы бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында өңірлерде азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр.Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Жетісу облысындағы сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға және құрылыс жобаларына 480 млн теңге бөлді.Жоба бойынша Алакөл ауданының Қоңыр ауылында ұзындығы 17 шақырым су желісін тарту және Қаратал ауданының Ұмтыл ауылында 4,8 шақырым су желісін...
Қазақстандық колледжде жасанды интеллект зертханасы ашылады
Қазақстандық колледждер мен Қытайдың Zhejiang College of Security Technology оқу орны маңызды стратегиялық кездесу өткізді. Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде жасанды интеллект (AI) зертханаларын ашу және жаңа «Жасанды интеллект» мамандығын енгізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Кездесу барысында тараптар цифрлық білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, заманауи технологиялар бойынша тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды дамыту бағыттарын талқылады.
«Бұл ынтымақтастықтар аясында академиялық ұтқырлық бағдарламалары іске...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысында сөйлеген сөзі
Құрметті жиынға қатысушылар!
Бүгін біз Парламенттік реформа бойынша Жұмыс тобының алғашқы отырысына жиналдық. Өздеріңіз білесіздер, өткен аптада арнайы Жұмыс тобын құру туралы Өкімге қол қойдым. Парламенттік реформа – еліміздің алдында тұрған аса маңызды, жауапты жұмыс. Жолдауымда бұл мәселе азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет деп нақты айттым. Бүгін, міне, бірінші отырысымызда Парламенттің, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің және...
Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне мониторинг басталды
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Агенттік Төрағасының 2022 жылғы 28 наурыздағы №4 бұйрығымен бекітілген мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне кезекті мониторинг жүргізуде.
Мониторингтің мақсаты – мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алуын, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған қызмет түрлерін ғана жүзеге асыруын қамтамасыз...





























