Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне мониторинг басталды

121

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Агенттік Төрағасының 2022 жылғы 28 наурыздағы №4 бұйрығымен бекітілген мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне кезекті мониторинг жүргізуде.

Мониторингтің мақсаты – мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алуын, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған қызмет түрлерін ғана жүзеге асыруын қамтамасыз ету болып табылады.

Аталған мониторинг су шаруашылығы саласында қызмет атқаратын мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты, 2025 жылдың 1 қазаны мен 1 желтоқсаны аралығында Департамент басшысының бұйрығымен бекітілген жоспар-кестеге сәйкес жүргізіледі.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз