Талдықорғанда барлық референдум учаскелері өз жұмысын тоқтатты
Таң сәріден басталып, кешке дейін жалғасқан барлық референдум учаскесі дауыс берушілерді қабылдауды аяқтады. Бұл жөнінде қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Әділет Рымтайұлы хабарлады.
Айта кетейік, бүгін елімізде Жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтті.
Облыс орталығы Талдықорған қаласында 136 834 сайлаушы үшін 63 референдум учаскесі ұйымдастырылған еді. Солардың ішінде 578 азамат алғаш рет, яғни 18 жасқа толғандықтан дауыс берді. Сонымен қатар,...
«Жігіт сұлтаны – 2026» Нұрасыл Тастамбеков дауыс берді
Бүгін І. Жансүгіров атындағы Мәдениет үйінде «Жігіт сұлтаны – 2026» жеңімпазы Нұрасыл Тастамбеков референдумда өз таңдауын жасады. Ол № 389 дауыс беру учаскесіне ұлттық киіммен келіп, халық назарын аударды.
-«Ұлттық киіммен келуіміздің өзі елге, жерге деген құрметтің белгісі. Біз тек сахнада ғана емес, қоғам өмірінде де белсенді болуымыз керек», - деді Нұрасыл.
Осылайша, байқау жеңімпазы сұлулықпен қатар, азаматтық ұстаным мен қоғамдағы...
«Miss Taldyqorgan – 2025» жеңімпазы Алина Нұрахметова дауыс берді
Бүгін І. Жансүгіров атындағы Мәдениет үйінде «Miss Taldyqorgan – 2025» сұлулық байқауының жеңімпазы Алина Нұрахметова ел өміріндегі маңызды оқиға референдумда өз азаматтық таңдауын жасады.
Жеңімпаз тек сұлулық байқауының қатысушысы ғана емес, елдің болашағына бей-жай қарамайтын белсенді азамат ретінде өз пікірін білдірді:
-«Әрбір жас ел болашағына бейжай қарамауы керек. Өз таңдауымды жасау мен үшін үлкен жауапкершілік», -деді.
Алина Нұрахметова тек сұлулық пен сәнге...
Жетісуда «Наурыз FEST» өтіп жатыр
Биыл 13–23 наурыз аралығында республика көлемінде ұйымдастырылып жатқан «Наурыз FEST» акциясы Наурызнама онкүндігінің аясында Жетісу облысында да кең ауқымда өтуде. Бұл бастама халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлаумен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға, отандық өндірушілерді қолдауға және тұрғындарды сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталған, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
- Республикалық акцияға өңірдегі ірі сауда желілері...
Ашық дауыс беру үшін барлық жағдай жасалған – Өзбекстан ОСК төрағасы
Қазақстанға халықаралық бақылаушы ретінде келген Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамходжаев референдумға дайындық пен дауыс беру барысын жоғары бағалады. Оның айтуынша, делегация жұмысын елге келген бойда, яғни кеше бастаған.
- Біз кеше келдік. Келгеннен кейін бірден референдум өткізу жөніндегі Орталық комиссияның төрағасымен және мүшелерімен екіжақты кездесу өткіздік. Дайындық барысына қатысты барлық сұрағымызға жан-жақты жауап алдық, – деді ол.
Бақылаушы өзбекстандық...
Түркия Жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы Қазақстанның референдумға сапалы дайындалғанын атап өтті
Түркия Республикасы Жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенер Астана қаласындағы №149 сайлау учаскесіне барып, Қазақстанда өтіп жатқан жаңа Конституция бойынша референдум туралы пікір білдірді.
Ахмет Йенер ең алдымен Қазақстан халқына сәлем жолдап, Наурыз мейрамының басталуымен тұспа-тұс келген Амал күнімен құттықтады.
«Ең алдымен Қазақстан халқына сәлем жолдаймын. Наурыздың бастауы саналатын Амал күніне орай түрік халқының да ыстық сәлемін жеткізгім келеді. Бүгін Қазақстанда...
Талдықорғанда шешен-ингуш этномәдени орталығының өкілдері референдумда дауыс берді
Облыс орталығы Талдықорғанда «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының өкілдері республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады. Этномәдени орталық мүшелері референдум учаскелеріне келіп, елдегі маңызды саяси оқиғаға азаматтық белсенділік танытты.
Олардың айтуынша, мемлекет өміріндегі маңызды шешімдерге халықтың қатысуы қоғамның дамуына ықпал етеді. Сондықтан әр азамат өз таңдауын жасап, ел болашағына жауапкершілікпен қарауы тиіс екенін атап өтті.
«Біз Қазақстанда тұрып жатқан әрбір азамат сияқты елдің...
Ел алдындағы жауапкершілік
Сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымды жасадым. Мұндай маңызды саяси науқандардан әр азамат шет қалмауы керек деп ойлаймын. Ел тағдырына қатысты мәселелерде халықтың пікірі маңызды. Сондықтан референдумға қатысу мен үшін үлкен жауапкершілік.
Жұлдыз Усимбаева
М.Мамыров бастаған 40 спортшы өз таңдауларын жасады
І дәрежелі «Айбын», «Құрмет» ордендерінің иегері, Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионаты мен Азия ойындарының чемпионы, Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт мектеп-интернат-колледжінің директоры Мамыров Маулен Сатымбайұлы бастаған 40 спортшы бүгін референдумда өз таңдауларын жасап, дауыс берді.
Бұл олардың азаматтық жауапкершілігінің және ел болашағына қосқан үлесінің белгісі.
«Ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әр азамат белсенді болуы керек...




























