Бүгін І. Жансүгіров атындағы Мәдениет үйінде «Жігіт сұлтаны – 2026» жеңімпазы Нұрасыл Тастамбеков референдумда өз таңдауын жасады. Ол № 389 дауыс беру учаскесіне ұлттық киіммен келіп, халық назарын аударды.
-«Ұлттық киіммен келуіміздің өзі елге, жерге деген құрметтің белгісі. Біз тек сахнада ғана емес, қоғам өмірінде де белсенді болуымыз керек», — деді Нұрасыл.
Осылайша, байқау жеңімпазы сұлулықпен қатар, азаматтық ұстаным мен қоғамдағы белсенділіктің үлгісін көрсетті.



























