Талдықорғанда барлық референдум учаскелері өз жұмысын тоқтатты

2

Таң сәріден басталып, кешке дейін жалғасқан барлық референдум учаскесі дауыс берушілерді қабылдауды аяқтады. Бұл жөнінде қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Әділет Рымтайұлы хабарлады.

Айта кетейік, бүгін елімізде Жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтті.

Облыс орталығы Талдықорған қаласында 136 834 сайлаушы үшін 63 референдум учаскесі ұйымдастырылған еді. Солардың ішінде 578 азамат алғаш рет, яғни 18 жасқа толғандықтан дауыс берді. Сонымен қатар, 100 жастан асқан 3 ардагер бар, олардың бірі Ұлы Отан соғысының ардагері Ысқақ Құсайынов.

Референдум күні мейрейтойын тойлаған тұрғындармен қатар, қалада 8 сәби дүниеге келді.

Бүгінгі республикалық референдумда Талдықорған тұрғындары өз таңдауын жасап, еліміздің жарқын болашағы үшін дауыстарын берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз