17 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 25 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 158

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге өтініш беру және докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау басталды

28 қазанда магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау және докторантураға түсу емтиханына құжаттарды қабылдау басталады. Өтініш беру ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты арқылы өтеді. КТ-ға өтініш беру 2025 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады. Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бейінді магистратураға түсушілерден құжаттарды қабылдау  ағымдағы жылғы 28 қазан мен 10 қараша аралығында жоғары және (немесе) жоғары оқу...

Регбиден Қазақстан құрамасы Омандағы Asia Rugby Emirates Men’s Sevens Trophy турнирінде топ жарды

🏆Регбиден Қазақстан құрамасы Омандағы Asia Rugby Emirates Men’s Sevens Trophy турнирінде топ жарды Регбиден Қазақстан ұлттық құрамасы Оман астанасы Маскат қаласында өткен Asia Rugby Emirates Men’s Sevens Trophy 2025 турниріне қатысып, 15 команданың ішінен үздік шықты. Жерлестеріміз барлық кезеңде жеңіске жетіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Бәсеке топтық кезең, плей-офф, ширек финал, жартылай финал және финал форматында өтті. Қазақстан құрамасы өз тобында Қырғызстан,...

Қаратал ауданында кіші жедел басқару орталығы ашылды: Жетісу облысы тұрғындарының қауіпсіздігінің жаңа деңгейі

Жетісу облысының Қаратал ауданында қоғамдық қауіпсіздік жүйесінің заманауи цифрлық өзегі саналатын кіші жедел басқару орталығы (ЖБО) салтанатты түрде ашылды. Бұл нысанды ашуға облыстық бюджеттен 320 млн. теңге бөлінді. ЖБО іске қосылуымен бүгіннен бастап ауданның ең қарбалас және стратегиялық маңызды нүктелеріне орнатылған 77 бейнебақылау камерасы мен 5 жылдамдық өлшеу құрылғысы жұмыс істей бастады. Жаңа жүйе полицияға тәулік бойы (24/7) көшелердегі жағдайды...

Республика күніне орай Жетісу облысында 25 жаңа нысан қолданысқа берілді

Республика күніне орай  Жетісу облысында 25 жаңа нысан қолданысқа берілді. Солардың ішінде білім беру, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік қызмет көрсету салаларының объектілері, сонымен қатар саябақ, сквер, балалар ойын алаңы, аула алаңдары сияқты абаттандыру нысандары да бар, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мерекеге орай ашылған жаңа нысандардың бірі – Қаратал ауданы Алмалы ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Бұл ғимаратты...

Жетісуда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді

Бүгін Республика күні және Егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай Талдықорғандағы «Жастар» саябағында Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Бейбіт Исабаев, ардагелер, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, жастар және басқа да түрлі сала қызметкерлері, жалпы саны мың шақты адам қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Алдымен Жетісу облыстық филармониясының,«Талдықорған әуендері» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің өнерпаздарымен...

Республика күніне орай Қазақстанда 200 ге жуық жаңа әлеуметтік маңызы бар және өнеркәсіптік нысандар ашылуда

Республика күніне орай бүкіл еліміз бойынша ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардан бастап әлеуметтік, спорттық және инфрақұрылымдық жобаларға дейін 196 жаңа нысан пайдалануға беріледі. Олардың барлығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірлерді дамытуға бағытталған тапсырмаларын орындау шеңберінде жүзеге асырылуда.

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ РУХЫН КӨТЕРІП, ЕЛДІГІМІЗДІ НЫҒАЙТА БЕРСІН!

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың 25 қазан – Республика күнімен және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануының 35 жылдығымен құттықтауы   Құрметті жетісулықтар! Республика күніне орай және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына байланысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар! Бұл тарихи құнды құжат Қазақстанның мемлекеттілігіне берік негіз бола отырып, еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашты. Сондықтан бұл мерекеде азаттық жолында тер төккен...

Сенбілікке белсене қатысты

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ТАТЭК АҚ ұжымы қалалық сенбілікке белсене қатысты. Сенбілік барысында қызметкерлер Абылайхан көшесі бойындағы темір жол маңын қоқыстан, арам шөптер мен қураған ағаштардан тазартты. Тазалық жұмыстарына шамамен 300-ге жуық қызметкер мен 3 арнайы техника жұмылдырылды. Ұжым мүшелері өңір аумағының тазалығына жауапкершілікпен қарап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосты. Қатысушылар «Мұндай шаралар қаламыздың көркейіп, тұрғындардың өмір...

Республика күні: жетісулық 35 еңбеккер мемлекеттік наградаларға ие болды

Бүгін Республика күніне орай облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің бірқатар тұрғындарына мемлекеттік наградалар табыс етті. Президенттің Жарлығымен мемлекеттік наградалармен еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық дамуына елеулі үлес қосқан 35 еңбеккер азамат марапатталды. Салтанатты шара Талдықорғандағы Б. Римова атындағы драма театрында өтті, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Көпшілікті мерекемен құттықтаған өңір басшысы 35 жыл бұрын қабылданып,...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі

Қымбатты отандастар! Қадірлі қауым! Еліміздің ең басты мерекесі – Республика күні құтты болсын! Ұлттық мейрам қарсаңында дәстүрге сай Ақорда төрінде мемлекетіміздің үздік азаматтарымен бірге жиналып отырмыз. Биыл еліміз азаттықтың мерейлі белесіне жетті. Осыдан 35 жыл бұрын Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Дәл осы күні сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүріміз қайта жаңғырды. Көп ұзамай жұртымыз Тәуелсіздік байрағын көтерді. Тарихи әділдік орнап, ұлттың рухы...