«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ТАТЭК АҚ ұжымы қалалық сенбілікке белсене қатысты. Сенбілік барысында қызметкерлер Абылайхан көшесі бойындағы темір жол маңын қоқыстан, арам шөптер мен қураған ағаштардан тазартты. Тазалық жұмыстарына шамамен 300-ге жуық қызметкер мен 3 арнайы техника жұмылдырылды. Ұжым мүшелері өңір аумағының тазалығына жауапкершілікпен қарап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосты. Қатысушылар «Мұндай шаралар қаламыздың көркейіп, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. ТАТЭК АҚ ұжымы алдағы уақытта да табиғатты қорғау және экологиялық бастамаларды қолдау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруға дайын»- деді.





























