18 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 23 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 119

Қазақстан Президенті Mitsui компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Тацуо Ясунагамен кездесті

🟦Президент Қазақстандағы белсенді қызметі және Жапониямен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Mitsui басшылығына ризашылығын білдірді. 🟦Қазіргі уақытта кәсіпорын халықаралық жеткізу тізбегін қалыптастыруда, инфрақұрылымды дамытуда, энергетика мен өнеркәсіп салаларын өрістетуде маңызды рөл атқарады. 🟦Мемлекет басшысы Қазақстан экономиканың негізгі секторларында Mitsui компаниясының қызмет аясын кеңейтуге ниетті екенін жеткізді. Атап айтқанда, компанияның Астанада күрделі жөндеу және құрал-жабдықтарды қайта қалпына келтіру бойынша өндірістік кешен...

Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президенті Шинго Уэноны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Токиода Жапонияның ірі және ықпалды сауда-инвестициялық корпорацияларының бірі саналатын Sumitomo жетекшісімен кездесті. 🟦Қазақстан Президенті еліміз Sumitomo корпорациясының орнықты даму мен бизнестің жауапкершілігін арттыруға бейілдігін жоғары бағалайтынын, сондай-ақ компанияны ұзақ мерзімді серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті. 🟦Шинго Уэно Мемлекет басшысына «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясымен бірлескен жобаны іске асыру жайында мәлімет берді. Аталған жоба ядролық медицина саласында уран өнімдерінен ем-шараға қолдануға арналған...

ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНДАҒЫ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалында Жетісу облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Алқалы жиынға Жетісу облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев, Жетісу облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева, «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын, облыстық мәслихаттағы фракция мүшелері, сондай-ақ басқарма басшылары қатысты. Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Жетісу облысы бойынша сайлауалды бағдарламасында белгіленген ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, табиғи...

Қазақстан және Жапония астаналары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Токио губернаторы Юрико Коикэ Қазақстан және Жапония астаналары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юрико Коикэ цифрландыру, Smart city технологияларын және қаланы орнықты дамыту, жасанды интеллект, шаһарды басқару ісіне инновациялық шешімдерді енгізу салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады 🟦Сонымен қатар мегаполистердің тұрғындары мен қонақтары үшін анағұрлым жайлы, экологиялық тұрғыдан таза, қауіпсіз және инклюзивті орта қалыптастыру жайын қарастырды. 🟦Мемлекет басшысы қаланы басқару ісіне жасанды интеллектіні енгізу бойынша екі ел астаналары арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор екеніне...

Токиода Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті

Мемлекет басшысы Жапонияда білім алып, он жылдан бері ірі халықаралық жарыстарда көш басынан көрініп жүрген Ерсін Балтағұлды қазақстандықтар мақтан тұтатынын атап өтті. ✔Сонымен қатар бүгін Император Нарухитомен кездесуде балуанның жетістіктері туралы әңгіме қозғалғанын айтты. ✔Қазақстандық спортшының лақап аты – Кимбозан. Бұл – атақты бапкер әрі төл сумо мектебінің негізін қалаушы, ояката Кисенің туған жері Кумамото префектурасындағы таудың атауы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысы Хироши Микитаниді қабылдады

Жапониядағы ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Rakuten Group компаниясының негізін қалаушы, басқарма төрағасы және бас директоры Хироши Микитанимен кездесті. 🟦Мемлекет басшысы Rakuten тобының әлемдегі ең озық жаһандық цифрлық экожүйе қалыптастыруда қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалады. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, технологиялық даму мен цифрлық трансформацияның жаңа кезеңіне қадам басқан Қазақстан компания тәжірибесіне зор қызығушылық танытады. 🟦Президент елімізде алғаш рет жасанды интеллект туралы заң қабылданып,...

Жапония Премьер-министрі Қазақстан Президентінің ресми сапары екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді

Сізбен жүздескеніме қуаныштымын. Осыдан 21 жыл бұрын Сыртқы істер министрлерінің «Орталық Азия + Жапония» форматындағы алғашқы жиыны өткен еді. Оған Өзіңіз төрағалық еттіңіз. Бүгін, міне, «Орталық Азия + Жапония» форматындағы мемлекет басшыларының кездесуіне Президент лауазымында қатысқалы отырсыз. Қазақстанды заң үстемдігіне негізделген еркін әрі ашық әлемдік тәртіпті нығайту ісінде стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз. Өзара тиімді қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін...

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 24 трлн теңгеден асты

2025 жылдың 11 айында өңдеу секторындағы өндіріс көлемі 5,9%-ға өсіп, 27 трлн теңгеден асты. Мұндай деректерді Үкіметтің жыл қорытындысына арналған баспасөз конференциясында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков айтты. Өсім металлургия, машина жасау, химия және құрылыс материалдарын өндіру сынды негізгі секторларда оң динамика көрсетіп отыр. Бұл – Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау жөніндегі жоспарлы жұмыстың нәтижесі. «Бұл көрсеткіштерге жаңа...

Алтын қорларының өсімі 98 тоннаны, мыс – 36 мың тоннаны құрады: геологиялық барлау қорытындылары

Жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша Қазақстанда қорлардың өсімі шамамен 98 тонна алтын, 36 мың тонна мыс және 1,3 млн тоннадан астам фосфоритті құрады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз мәслихатында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан айтты. Алғаш рет мемлекеттік есепке 5 жаңа кен орны қойылды. Олар: Көк-Жон, Алтын-Шоко, Самомбет, Студенческий және Тақыр-Қалжыр. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз аумақтың геологиялық-геофизикалық зерттелуін кеңейтеміз....