Туған жерге тағзым

49

Туған ел  ұғымы адам жанына жылылық ұялататын  өте ыстық  ұғым. Қай кезеңде болмасын алыста жүрсе елін, туған жерін  сағынбаған жан болмаған. Туған елге дегенсүйіспеншілігін музыканттар көркем музыкамен, суретшілер әсем бояумен, ал ақындар Отанға деген сүйіспеншілігін, махаббатын жыр жолдарымен, өлеңмен өрнектеген.

«Талдықорған қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»  3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен «Туған жерге тағзым»  жобасы аясында «Атамекен, Ақ мекен!» тақырыбында онлайн кездесу өтті.Аталмыш шараға әдебиетсүйер қауымға белгілі, ақын, журналист, өлкетанушы, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Қажет Андас қатысып, ой-тұжырымдарымен бөлісті. Кездесуді ұйымдастырудағы мақсат — барша ғаламтор пайдаланушылардың туған жерге деген ыстық махаббаттарын қалыптастыру, сананы сауаттыболуға тәрбиелеу,  елін, жерін құрметтей алатын білімді азамат болуға баулу. Кездесу барысында ақын оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Күміс Табылдинова, №7 кітапхана филиалының меңгерушісі.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK