Бүгін «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалында Жетісу облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті.
Алқалы жиынға Жетісу облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев, Жетісу облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева, «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын, облыстық мәслихаттағы фракция мүшелері, сондай-ақ басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Жетісу облысы бойынша сайлауалды бағдарламасында белгіленген ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, табиғи ресурстар және құрылыс салаларына қатысты көрсеткіштердің 2025 жылдағы орындалу барысы қаралды.
Іс-шара барысында Жетісу облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы жан-жақты есеп берді. Баяндама аясында салалар бойынша негізгі нәтижелер мен өзекті мәселелерге тоқталып, оларды шешу жолдары талқыланды.
Жиын барысында «AMANAT» партиясының сайлауалды міндеттемелерін жүйелі әрі сапалы орындаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Көрсеткіштердің орындалу барысын тұрақты бақылауда ұстау, жауапты мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысты күшейту қажеттігі айтылды.
Отырыс қорытындысы бойынша депутаттық фракция мүшелері алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарларын нақтылап, партиялық бақылауды күшейту жөнінде ортақ пікірге келді.





























