Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан -Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысын өткізді
Түркия, Анкара қаласы
Жиын барысында Мемлекет басшысы Түркияның ежелден бауырлас, тамырлас және түбі бір туысқан ел екенін атап өтіп, ортақ тарихи және рухани құндылықтарға негізделген қазақ-түрік ынтымақтастығы кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында тұрақты дамып келе жатқанына назар аударды.
– Біз осы сара жолды жалғастырып, өзара байланысты бүгінгіден де биік белеске көтеруге мүдделіміз. Құрметті Президент мырза, Өзіңізбен жаңа ғана шағын құрамда өткізген келіссөздерді...
Оқушылардың оқу және демалыс кезеңдері айқындалды
ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2025–2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ каникул кезеңдерін нақтылады.
Оқу процесі 2025 жылғы 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен күні мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді.
Бірінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта. Күзгі каникул 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғандағы 7...
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Devlet Nişanı» орденімен марапатталды
2025 жылғы 29 шілде
Түркия, Анкара қаласы
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Devlet Nişanı» орденін алу зор мәртебе екенін атап өтіп, Президент Режеп Тайип Ердоғанға және барша түрік халқына шынайы алғысын жеткізді.
– Мен отандық немесе шетелдік орден және басқа да марапаттарды қабылдаудан бас тарттым. Алайда бүгінгі Сіздің шешіміңіздің мән-маңызы ерекше деуге болады. Бұл – қазақ-түрік ынтымақтастығы жылнамасындағы...
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
2025 жылғы 29 шілде
Өзара келіссөздер мен Жоғары деңгейдегі стратегиялық экономикалық кеңестің 5-ші отырысынан кейін Қазақстан мен Түркия президенттері баспасөз мәлімдемесін жасады.
Мемлекет басшысы, ең алдымен, Түркияға ресми сапармен келуге шақырып, қазақ делегациясына қонақжайлық көрсеткені үшін бауырлас түрік халқына және Президент Режеп Тайип Ердоғанға шынайы ризашылығын білдірді.
– Қос халықтың игілігі үшін түбі бір түрік еліне жасаған әр сапардың мән-маңызы ерекше. Президент...
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған келіссөз жүргізді
2025 жылғы 29 шілде
Түркия, Анкара қаласы
Түркия Республикасына ресми сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Қазақстан Президентінің сапарына орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Сарайға келген сәтінде Мемлекет басшысының кортежін салт атты гвардия бастап жүрді. Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған қарсы алды.
Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары шырқалып, зеңбіректен 21 рет оқ атылды. Екі елдің басшылары Құрмет...
«Blockchain» технологиясы Мемлекеттік қызмет көрсету жылдамдығын қалай арттырады
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы серіктес банктермен бірлесіп «Blockchain» технологиясы арқылы заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлік кепіліне тіркеу сервисін іске қосты.
Бұл сервис Мемлекеттік корпорация мен екінші деңгейлі банктер арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық аясындағы жобалардың жалғасы.
Заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлкін кепілге қойып, онлайн рәсімдеу арқылы несие беруді жеңілдету сынды банк саласындағы «Blockchain» технологиясының мүмкіндіктерінің арқасында мәмілелерді тіркеуге жұмсалатын уақыт бірнеше есе қысқарады....
Алакөл ауданында су желілерінің 61,4 % жөнделеді
Алакөл ауданында 1242-ден астам шақырым суару желілері бар болса, соның 763 шақырымына, яғни 61,4 пайызына қайта жаңғырту мен құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Мұндай шаралар су шығынын азайтуға елеулі ықпал етпек. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Алакөл ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде белгілі болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысының айтуынша, суару желілерін жаңғырту Ислам Даму...
Спорт шыңынан – шекара шебіне
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Шолақ» шекара бөлімшесінде радиотелефоншы қатардағы жауынгер Фанур Исаев - өз ісіне жауапты, білікті шекарашылардың бірі.
Фанур Даниалович әскеири қызметке дейін ауыр атлетикамен кәсіби түрде айналысып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алған. Атап айтқанда, 2020 жылы жастар арасында Қазақстан рекордын жаңартып, 2022 жылы ел біріншілігінде – екінші,...
Адал қызметке – абыройлы қошемет
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінде әскери қызметін абыроймен атқарып, 25 жылдан астам өмірін Отан шекарасын күзетуге арнаған подполковник Серік Жұманғазинді құрметті зейнетке шығарып салуға арналған салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты жиынға департамент басшылығы, әріптестері мен жас әскери қызметшілер қатысты. Шара барысында Серік Оразбайұлы шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі елеулі еңбегі атап өтіліп, алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Көп...
Тағылымды шара
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты “Қорғас” шекаралық бақылау басқармасының оқу орталығы жеке құрамының қатысуымен Панфилов ауданының мәдени-көрікті жерлерін тамашалау бағытында танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Бұл шараның басты мақсаты – жас сарбаздардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен жергілікті жердің тарихына, мәдениетіне құрмет сезімін қалыптастыру. Іс-шара барысында әскери қызметшілер Жаркент мешіті, Шекарашылар аллеясы, сондай-ақ өңірдің тарихи-мәдени нысандарымен танысып, ұлттық...





























