Білім беру және тәрбиелеу объектілерінде ауыз су режимін қалай ұйымдастыруға болады?

4

Су – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің салауатты тамақтануының негізгі құраушыларының бірі. Суды жеткіліксіз мөлшерде тұтыну организмнің қалыпты функциясын бұзады: шаршаңқылық пайда болады, жұмысқа қабілеттілік төмендейді, ас қорыту және сіңіру, жаплы ағзадағы зат алмасу үрдістері бұзылады. Сол себепті судың организмге жеткілікті түсуінің маңызы зор.

Санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес білім беру және тәрбиелеу объектілерінде қауіпсіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп, ауыз су режимі ұйымдастырылу қажет. Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объекті басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады.

Ауыз су режимін келесідей ұйымдастырады: сыйымдылықтарға –графиндер, шәйнектер, бөшкелер және басқалар өлшеп-құйылған қайнатылған ауыз су; стационарлық ауыз су бұрқақтары; суға арналған кулерлер (диспенсерлер); өнеркәсіптік дайындалған шөлмектердегі ауыз су. Сонымен қатар, оқушыларға үйден әкелетін жеке шөлмек сыйымдылықты пайдалануға рұқсат етіледі.

Бөтелкедегі, сыйымдылықтарға құйылған суды пайдалана отырып, ауыз су режимін ұйымдастыру кезінде білім беру мекемесі жеткілікті мөлшерде таза ыдыспен, сондай-ақ таза және пайдаланылған ыдыстарына арналған жеке таңбаланған подностармен қамтамасыз етілуі тиіс. Ауыз су үшін тамақ өнімдерімен жанасуға арналған материалдардан жасалған ыдыстар (шыны, фаянс, пластмасса, бір рет қолданылатын стақандар) пайдаланылады. Пайдаланылған бір рет қолданылатын ыдыстарды жинауға арналған контейнерлермен қамтамасыз етілу тиіс.

Стационарлық ауыз су бұрқақтарының конструктивтік шешімдері судың тік ағысының айналасында кемінде 10 сантиметр биіктікте шектеу сақинасының болуы көзделеді.

Суға арналған кулерлер (диспенсерлер) тазалап-жуу өндірушінің нұсқаулығына сәйкес кезеңділікпен, бірақ күнтізбелік 7 күнде кемінде бір рет, қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үш айда бір реттен сиретпей жүргізіледі.

Қайнаған ауыз суды қолдану ережесін сақтаған жағдайда пайдалануға жол беріледі:

  • ауыз суды кемінде 5 минут қайнату;
  • ол қайнаған ыдыста бөлме температурасына дейін салқындату;
  • үш сағаттан асырмай сақтау;
  • объектінің есепке алу құжаттамасында қайнаған ауыз суды ауыстыру уақытын есепке алуды жүргізу.

Өнеркәсіптік дайындалған буып-түйілген (ыдысқа құйылған) ауыз су таңбалануы, оның қадағалануын қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттамасы, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттар бар болған кезде қолданылады. Білім беру ұйымдарында емдік және емдік-асханалық минералдық суды қолдануға тыйым салынады.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің объектілерде болатын барлық уақыты ішінде олардың ауыз суға еркін қолжетімдігі қамтамасыз етілуі тиіс. Суды жеткілікті мөлшерде тұтыну – саламатты өмір салтының негізгі шарттарының бірі. Сондықтан, объектілерде ауыз су режимінің ұйымдастырылуының маңызы зор.

Самат Ахметов, Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз