Қонақүйлер мен хостелдерге қойылатын талаптар

4

Қонақүйлер саяхаттау және іссапарлар кезінде қажеттіліктің бір бөлігі. Бүгінгі қонақ үй бизнесі қонақтардың әртүрлі қажеттіліктері мен бюджеттерін қанағаттандыра алатын көптеген орналастыру нұсқаларын ұсынады.

Негізінен қонақүй объектілері – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қарашадағы №ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына сәйкес эпидемиялық мәні болмашы объектілердің тізбегіне кіреді.

Бұл ретте, қонақүй объектілері эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны (оларды пайдалану) туралы хабарламаны объект орналасқан аумақтағы Департаменттің басқармасына www.egov.kz, www.elicense.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы жолдай отырып қызметтерін жүзеге асырады.

Жалпы қонақүйлер, хостелдер бөлек тұрған ғимараттарда, жеке кіретін есігі болған жағдайда көп функционалды ғимараттардың және көппәтерлі тұрғын үйлердің құрамында орналастыруға болады. Бірақ жертөледе және цокольдық қабаттарда орналастыруға рұқсат берілмейді.

Қонақүйлер мен хостелдердің аумағы абаттандырылады және таза күтіп ұсталады. Ғимаратқа кіреберісте қоқыс жәшіктері орнатылады. Қоқыстарды жинау үшін қатты жабыны бар алаңда орнатылған контейнерлер қолданылады. Объектілер сумен жабдықтау, суды бұру, жылумен жабдықтау жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Барлық өндірістік және қосалқы үй-жайлар жасанды жарақтандырумен қамтамасыз етіледі. Жарықтандыру аспаптары уақтылы тазартылады, күйген шамдар ауыстырылады. Жоғары ылғалды шырақтар қорғаныш плафондарымен жабылады.

Қонақүйде үй-жайлар бөлмелерінен басқа санитариялық торап, гардероб көзделеді, ауаны баптау қамтамасыз етіледі. Қонақүйлердің ғимараттарында ауа баптау жүйесі болмаған кезде сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.

Ал, хостелдерде 15 адамға кемінде 1 дәретхана кабинасы және 1 қол жуғыш, 1 себезгі кабинасы есебімен қамтамасыз етіледі. Хостелде асхана, асүй, өз-өзіне қызмет көрсету әдісімен тамақ ішуге және дайындауға арналған бөлмелер қарастырылады, олар жабдықпен, мүкаммалмен, асүй және асхана ыдыстарымен, азық-түлік пен жуу құралдарын сақтауға арналған ыдыстармен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар тазалық сақталуы қажет, бөлмелер мен ортақ пайдаланылатын орындарында күн сайын ылғалды жинау және желдету жұмыстары жүргізіледі. Кілем бұйымдарының шаңы қағылады, жұмсақ жиһаздар тазартылады. Ванналар, унитаз отырғыштары мен қақпақтары, биде, су ағызу және дәретхана есіктерінің тұтқалары күн сайын дезинфекциялау ерітіндісімен өңделеді.

Дәретханалардың унитаздары және писсуарлары дезинфекциялау ерітіндісімен өңделген арнайы щетканың (ерштердің) көмегімен дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып тазартылады және сумен шайылады және жуылады.

Төсек жабындыларын, сүлгі және оларды ауыстыру реті қонақүйлер сервис деңгейіне, жабдықталуына байланысты анықталады. Пайдаланылған төсек-орын жабдығы пакеттерге (қапшықтарға) жиналады. Хостелдерде әр тұратын адамға төсек-орын жиыны, сүлгі көзделеді.

Қорытындылай келе, тоқтайтын қонақүйді таңдағанда, ыңғайлылыққа, қызмет көрсету сапасына және басқа адамдардың пікірлеріне назар аудару керек. Жақсы қонақ үй демалуға ғана емес, сонымен қатар сапардан жағымды эмоциялар алуға көмектеседі.

 

Самат Ахметов, Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз