Білім беру және тәрбиелеу объектілеріндегі «С-дәруменінің» маңыздылығы

4

Өздеріңіз білетіндей, дәрумендер – бұл балалар ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін өмірлік қажетті маңызды заттар. Дәрумендердің қажетті мөлшерде ағзаға түсуі қалыпты физиологиялық жағдайды сақтау үшін өте маңызды – бұл ағзаның кез-келген жүктемеге қарсы тұруына мүмкіндік береді.

«С» дәрумені балалардың оңтайлы дамуына ықпал етеді, олардың қоршаған ортаның әртүрлі зиянды факторларына, ең алдымен жұқпалы ауруларға төзімділігін арттырады. Иммундық қорғаныс күшейеді, балалар айтарлықтай аз ауырады. Бірақ ол тағамды сақтау, термиялық өңдеу, әсіресе тамақ дайындау технологиясының бұзылуы әсерінен оңай жойылады.

Балалар тәулік бойы болатын ұйымдастырылған ұжымдардың ұйымдарында дайын тағамдарды жыл бойы «С» дәруменімен дәрумендеу жүргізіледі: бірінші тағамға – тікелей тарату алдында, компоттар – олар +15 ºС аспайтын температураға дейін салқындағаннан кейін, оларды өткізу алдында, кисельде «С» дәруменінің ерітіндісі оны +30 ºС-тан +35 ºС-қа дейін салқындатқан кезде енгізіледі, кейіннен араластыру және өткізу температурасына дейін салқындатады.

«С» дәруменімен дәрумендеу: ерте жастағы балалар (3 жасқа дейін), мектепке дейінгі жастағы балалар (3 жастан 6 жасқа дейін) үшін – орташа тәуліктік қажеттіліктің 35% есебінен, мектеп жасындағы балалар (6 жастан және одан жоғары) үшін тәуліктік норма есебінен – 70 миллиграмм (бұдан әрі – мг), жасөспірімдер, ересектер үшін – 100 мг, деректерді объектінің есепке алу құжаттамасына енгізе отырып жүргізіледі. Дәруменделген тағамдар жылытылмайды.

Дәрумендік сусындар тарату алдында берілген нұсқауларға сәйкес дайындалады. Тағамдарды дәрумендеудің орнына балаларға беру үшін мультидәруменді препараттарды қолдануға жол берілмейді.

Тағамдарды дәрумендеу туралы деректер-дәрумендеу күні мен уақыты, порция саны, тәуліктік доза есебінен енгізілетін препараттың мөлшері және тамақтанатын балалардың саны, сондай-ақ, жасанды дәруменделген тағамдармен бірге түсетін дәрумендердің мөлшері туралы мәліметтерді медицина қызметкері арнайы журналға енгізеді.

 

Асхат Чарапиев, Жетісу облысы СЭБД басшысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз