Балаларды тағамнан уланудан қалай қорғаймыз?

4

Тамақтан улану – бұл асқазан-ішек жолдарына тамақпен немесе сусындармен бірге зиянды бактериялардың түсуінен ішкі органдардың жұмысының бұзылуы. Тамақтан улану жедел, аяқастынан басталады.

Тамақтан уланудың негізгі себептері:

— балалар тұтынатын азық-түліктің, тез бұзылатын тағамдардың сақтау шарттарының орындалмауы және азық-түлік пен шикізаттың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болмауы;

— тамақ дайындау кезінде жеке гигиена ережелерінің сақталмауы;

— ас блогы қызметкерлерінде міндетті медициналық тексерудің болмауы;

— санитариялық ережелердің талаптарымен рұқсат етілмеген тағамдарды дайындау болып табылады. Сапасыз тағамдар микробтардың көбеюіне, олардың уының пайда болуына жағдай туғызып балалардың тамақтан улануына алып келеді.

Тамақтан уланудың эпидемиологиялық белгілері:

— кенеттен басталуы;

адамдар тобында аурудың басталуының бір мезгілділігі;

— жедел қысқа ағымдылығы;

— аурудың бір тағамдық өнімді қолданумен байланысы;

— өнімді тұтыну немесе сатып алу орнымен аурудың аумақтық шектелуі;

— тамақтан улануға себеп болған өнімді алып тастағаннан кейін аурудың жаңа жағдайларының пайда болуының тоқталуы;

— микробтық тамақтан улану науқастан сау адамға берілмейді.

         Балаларды уланудан қорғауға арналған кеңестер:

— тез бұзылатын тағам түрлерін тоңазытқышта сақтау және тағамның бетін ашық қалдырмау қажет;

— көкөніс пен жеміс-жидектерді ағынды сумен мұқият жуып, мүмкіншілігінше қайнаған сумен шаю қажет;

— тамақ өнімдерін жарамдылық мерзімін ескере отырып сақтаңыз;

— азық-түлік өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және сату жағдайлары бойынша санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау қажет;

—  тамақ өнімдерін рұқсатсыз сауда орындарындағы белгісіз тұлғалардан алмау;

—  шикі сүтті пайдаланар алдында міндетті түрде қайнату қажет;

— үй жағдайында консервіленген салаттарды, саңырауқұлақтарды, көкөністерді сатып алмау;

— ас мәзірін құрастырарда аса тез бұзылатын тағамдарды, соның ішінде кремді-кондитерлік өнімдер мен құрамында бірнеше тағамдар бар, майонез қосылған күрделі салаттардың болмауын қадағалау;

— салқын тағамдар мен салаттарды 1,5-2 сағат көлемінде сақтау.

Осы қарапайым талаптарды сақтау, балаларыңызды тамақтан уланудан қорғайды. Ал егер, тағамнан улану белгілері пайда болған жағдайда, дереу дәрігерге медициналық көмекке жүгіну қажет екенін есте сақтаған абзал.

 

Асхат Чарапиев, Жетісу облысы СЭБД басшысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз