Балалар ағзасына электромагниттік өрістің әсері

4

Параметрлері рұқсат етілген нормалардан асатын ауыспалы электромагниттік өрістердің жүйелі әсерінің салдары: орталық жүйке жүйесінің қалжырауы (тежелгіштік, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, депрессия, аса қозғыштық, тітіркенгіштік, ұйқысыздық, көңіл-күйдің өзгеруі, әлсіздік), жүрек-қан тамырлары жүйесінің бұзылуы (жүрек соғу жиілігінің төмендеуі, қан қысымының, ЭКГ көрсеткіштерінің өзгеруі), қанның биохимиялық көрсеткіштердің өзгеруі. Оның салдары: эндокриндік жүйенің функционалдық жағдайының, зат алмасу процестердің бұзылуы, ағзадағы дистрофиялық процестердің пайда болуы.

Осыған байланысты, білім беру объектілерінің басшылары өндірістік бақылау шеңберінде электромагниттік өрістердің (бұдан әрі-ЭМП) көрсеткіштеріне тұрақты зерттеулер жүргізіп, оқу кабинеттерінде компьютерлерді пайдалану кезінде барлық талаптарды орындауы қажет.

Бүгінде балалардың көпшілігінде ұялы телефондар, дербес компьютерлер бар екенін естен шығармауымыз жөн. Ата-аналарға балаларына күніне 1-2 сағаттан артық компьютерде отыруға, сондай-ақ ұялы телефонды қажетсіз пайдалануға рұқсат бермеу керек.

Жетісу облысы бойынша 2025 жылдың 10 айында мектептердің компьютерлік сыныптарында ЭМӨ деңгейлерін анықтау үшін мыңнан астам өлшеу жүргізіліп, оның ішінде рұқсат етілген шекті деңгейден артқаны – 4%.

ЭМӨ шекті рұқсат етілген деңгейлерінен асып кетудің негізгі себебі компьютерлік сыныптарда дұрыс жерге қосылмауы.

Анықталған бұзушылықтар бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына ұйғарымдар беріліп, жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Балаларымызды ЭМӨ-нің зиянды әсерінен қорғау – әркімнің міндеті.

 

Самат Ахметов, Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз