Үкімет Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ШОБ-ты қолдау бойынша «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасын бекітті
«Іскер аймақ» бағдарламасы ауылдық жерлерде және шағын қалаларда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған
📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы қаралды.
Бағдарлама өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде және шағын қалаларда бизнес қажеттіліктеріне дер кезінде жасалған жауап екені атап өтілді.
«Аталған бағдарламаға сәйкес біз жай ғана субсидия бөлу әдісінен, өңірлердің ортақ жауапкершілігі моделіне көшеміз.
Біздің мақсатымыз – тек несие беру...
Салық төлеуші «Цифрлық бюджет» арқылы аударым қаражатының өзі тұратын ауданды көркейтуге қалай әсер етіп жатқанын көре алады
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтар «Цифрлық бюджет» платформасы арқылы өздерінің салық аударымдарының аудандарды көркейтуге қалай әсер етіп жатқанын көре алатынын атап өтті.
«Салық төлеуші "Цифрлық бюджет" арқылы аударым қаражатының өзі тұратын ауданды көркейтуге қалай әсер етіп жатқанын көре алады.
Біз шағын бизнестің әлеуетін барынша ашуды мақсат етіп отырмыз.
Бюджеттің кіріс бөлігін жаңа салық-бюджет саясаты есебінен ұлғайту қосымша қаражатты қазақстандық бизнесті дамытуға...
Жаңа Салық кодексі бойынша оңайлатылған декларация негізінде жаңартылған арнайы салық режиміне көшу
Жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты және қазіргі уақытта оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арнаулы салық режимдеріндегі өзгерістерді ескере отырып, бөлшек салық, сондай-ақ белгіленген шегерімді пайдаланатын режим, қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны ұсыну қажет.
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін салық төлеушілер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 наурызға дейінгі кезеңде (өтпелі кезең)...
Білім беру және тәрбиелеу объектілеріндегі «С-дәруменінің» маңыздылығы
Өздеріңіз білетіндей, дәрумендер – бұл балалар ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін өмірлік қажетті маңызды заттар. Дәрумендердің қажетті мөлшерде ағзаға түсуі қалыпты физиологиялық жағдайды сақтау үшін өте маңызды – бұл ағзаның кез-келген жүктемеге қарсы тұруына мүмкіндік береді.
«С» дәрумені балалардың оңтайлы дамуына ықпал етеді, олардың қоршаған ортаның әртүрлі зиянды факторларына, ең алдымен жұқпалы ауруларға төзімділігін арттырады. Иммундық қорғаныс күшейеді, балалар айтарлықтай...
Балаларды тағамнан уланудан қалай қорғаймыз?
Тамақтан улану – бұл асқазан-ішек жолдарына тамақпен немесе сусындармен бірге зиянды бактериялардың түсуінен ішкі органдардың жұмысының бұзылуы. Тамақтан улану жедел, аяқастынан басталады.
Тамақтан уланудың негізгі себептері:
- балалар тұтынатын азық-түліктің, тез бұзылатын тағамдардың сақтау шарттарының орындалмауы және азық-түлік пен шикізаттың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болмауы;
- тамақ дайындау кезінде жеке гигиена ережелерінің сақталмауы;
- ас блогы қызметкерлерінде міндетті медициналық тексерудің болмауы;
- санитариялық...
Білім беру және тәрбиелеу объектілерінде ауыз су режимін қалай ұйымдастыруға болады?
Су – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің салауатты тамақтануының негізгі құраушыларының бірі. Суды жеткіліксіз мөлшерде тұтыну организмнің қалыпты функциясын бұзады: шаршаңқылық пайда болады, жұмысқа қабілеттілік төмендейді, ас қорыту және сіңіру, жаплы ағзадағы зат алмасу үрдістері бұзылады. Сол себепті судың организмге жеткілікті түсуінің маңызы зор.
Санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес білім беру және тәрбиелеу объектілерінде қауіпсіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп, ауыз...
Аммиакпен улану
Аммиак – өткір тұншықтырғыш иісі бар түссіз газ, ауадан жеңіл, суда жақсы ериді. Атмосфераға шыққан кезде түтін шығады.
Апат және аммиак төгілген кездегі халықтың іс-әрекеті: апат және күшті улы заттың (аммиакты) төгілуі туралы ақпарат алған кезде тыныс алу органдарын қорғау құралдарын, теріні қорғау құралдарын (жадағай, шапан) киіңіз, радио (теледидар) арқылы хабарламада көрсетілген бағытта апат аймағынан шығыңыз.
Химиялық инфекция аймағынан жел бағытына...
Қонақүйлер мен хостелдерге қойылатын талаптар
Қонақүйлер саяхаттау және іссапарлар кезінде қажеттіліктің бір бөлігі. Бүгінгі қонақ үй бизнесі қонақтардың әртүрлі қажеттіліктері мен бюджеттерін қанағаттандыра алатын көптеген орналастыру нұсқаларын ұсынады.
Негізінен қонақүй объектілері – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қарашадағы №ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына сәйкес эпидемиялық мәні...
Сколиоз
Сколиоз – омыртқаның қалыптан тыс қисаюы. Қалыпты омыртқаның төменгі артқы жағын ішке қарай қисайтатын табиғи қисықтары бар. Сколиоз әдетте омыртқа мен кеуде қуысының деформациясын тудырады. Сколиоз кезінде омыртқа бір жағынан екінші жағына әр түрлі дәрежеде қисайып, кейбір омыртқалар аздап айналуы мүмкін, бұл жамбас немесе иықты біркелкі емес етеді. Омыртқаның аздап қисаюы, яғни 1 дәрежелі сколиоз адамға ешқандай қиындық туғызбайды...
Балалар ағзасына электромагниттік өрістің әсері
Параметрлері рұқсат етілген нормалардан асатын ауыспалы электромагниттік өрістердің жүйелі әсерінің салдары: орталық жүйке жүйесінің қалжырауы (тежелгіштік, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, депрессия, аса қозғыштық, тітіркенгіштік, ұйқысыздық, көңіл-күйдің өзгеруі, әлсіздік), жүрек-қан тамырлары жүйесінің бұзылуы (жүрек соғу жиілігінің төмендеуі, қан қысымының, ЭКГ көрсеткіштерінің өзгеруі), қанның биохимиялық көрсеткіштердің өзгеруі. Оның салдары: эндокриндік жүйенің функционалдық жағдайының, зат алмасу процестердің бұзылуы, ағзадағы дистрофиялық процестердің пайда...





























