-2.6 C
Taldykorgan, KZ
Воскресенье, 28 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 105

Достық — өмірлік мектеп

Мектеп – тек білім беретін орын ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақты адамгершілікке, өзара түсіністікке, достық пен сыйластыққа тәрбиелейтін маңызды орта. Мұғалім ретінде мен күн сайын оқушылар арасындағы достық қарым-қатынастың олардың мінез-құлқы мен оқу үлгеріміне тікелей әсер ететінін байқаймын. Достық – тек бір-біріне көмектесу немесе бірге ойнау ғана емес. Ол – баланың әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан дамуына ықпал ететін шешуші...

Достық — маңызды құндылық

Достық – адамзат баласына тән ең көне әрі маңызды әлеуметтік құндылықтардың бірі. Бұл қарым-қатынас түрі сенімге, өзара түсіністікке, құрметке және ортақ мүддеге негізделеді. Психологтар мен әлеуметтанушылардың айтуынша, нағыз достық адамның эмоционалдық тұрақтылығына, психологиялық денсаулығына және өмір сапасына оң әсер етеді. Адамдар арасындағы достық сезімі ерте балалық шақтан бастау алып, өмір бойы қалыптасып, дамиды. Жасөспірім кезеңінде достық — тұлғалық дамуға, өзін-өзі...

Достық — ой ортақтығы, рухани үндестік

Адамзат тарихында достық ұғымы үнемі жоғары рухани құндылық ретінде бағаланып келген. Ежелгі ойшылдардан бастап қазіргі заман философтарына дейінгі еңбектерде достық – адам мен адамның арасындағы ең шынайы, мүддеге тәуелсіз байланыс ретінде сипатталады. Философиялық тұрғыда достық – бұл жай ғана араласу немесе бірге уақыт өткізу емес, бұл – бір-бірін терең түсіну, ой ортақтығы, рухани үндестік. Аристотель нағыз достықты "жақсылық үшін жақсы...

Жасанды интеллект мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттырады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, жасанды интеллект мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттырады. – Қазір ChatGPT қағидатымен жұмыс істейтін кейбір жобалар енгізіліп жатыр. Бұл тәсілдер азаматтардың өтініштеріне жауап беруге септігін тигізуде. Дегенмен мұны алдағы үлкен жұмыстың алғашқы қадамы ғана деуге болады. Озық технологияның әлеуеті бұдан әлдеқайда жоғары. Жасанды интеллект мемлекеттік аппараттың жұмысын мейлінше жеңілдетуі керек. Бұл – өте маңызды міндет. Қазақстанда қызметтердің басым...

Жетісу облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай жасанды интеллектінің көмегімен мурал салынды

Жетісу облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай жасанды интеллектінің көмегімен мурал салынды. Жаңа арт-нысан Текелі қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің шырайын кіргізді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жобаның ерекшелігі сол, жасанды интеллект арқылы жасалған бейнені суретшілер бір тәуліктің ішінде үйдің қабырғасына бейнелеп шыққан. Муралдың салтанатты ашылуында Абай шығармаларынан көркем оқулар ұйымдастырылды, сол сияқты ойшылдың жастарға арналған...

Талдықорғанда «Абай – мәңгілік ғұмыр» атты поэзия кеші өтті

2025 жылғы 10 тамызда Талдықорған қаласының «Абай» мейрамханасында қазақтың ұлы ойшылы, ақын және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты 10 күндік іс-шаралар аясында «Абай – мәңгілік ғұмыр» атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ұлы ақынның рухани мұрасын дәріптеу, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтар мен мәдениетті сіңіру, сондай-ақ Абай шығармашылығын жаңа қырынан таныту. Кеш...

Қорғас жаңа инвестициялық жобалардың орталығына айналады

Жетісу облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытайдың жетекші корпорациялары – «China Minmetals Corporation» және «CITIC Construction Co. Ltd» басшылығымен екіжақты кездесулер өткізді. Негізгі назар логистика, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу сияқты негізгі секторлардағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға аударылды. «China Minmetals Corporation» басшылығымен Азия мен Еуропа арасындағы құрлықаралық бағыттағы...

Жылу энергиясын тұтынушыларының назарына!

«Талдықорғанжылусервис» КМК алдағы 2025-2026жж. жылыту маусымына дайындық барысында жылу беру көздерінде, сорғы қондырғыларында және жылу желілерінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты 2025 жылдың 11-23 тамыз күндері аралығында ыстық су беру қызметін тоқтатады.

Абайдың ой-толғамдары мен өсиеттерінің өзектілігі ешқашан жоғалмайды — Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай өтетін салтанатты іс-шараға қатысушыларға құттықтау жолдады. -Қадірлі қауым! Сіздерді Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуымен құттықтаймын! Абай – төл мәдениетімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға, халқымыздың сана-сезімін жаңғыртқан ұлы ақын. Ол жаңа әдебиетіміздің негізін қалап, дүниетанымымыздың көкжиегін кеңейтті. Өскелең ұрпақты білімпаз, еңбекқор, адал азамат болуға шақырып, ұлттың...

Президент тазы мен төбетті ұлттық бренд ретінде кеңінен насихаттау жөнінде тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев World Dog Show 2025 дүниежүзілік көрмесіне қатысып, халықаралық аренада лайықты бағасын алған қазақы тазыны ұлттық бренд, мәдениетіміздің ажырамас бөлшегі ретінде халықаралық деңгейде толық таныту ортақ міндет екеніне назар аударды. Бұл туралы бүгін өзінің Telegram арнасында Қазақстан Президентінің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды. Атап айтқанда, тазы тұқымын дамыту және бірегей қасиеттерін сақтау, жүйелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу,...