WALS-2024: Қазақстанның ашық сабағы

5

Астанада өткен World Association of Lesson Studies басты конференциясы Қазақстанның ашық сабағы атанды.

Алғаш рет посткеңестік кеңістікте Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының беделді халықаралық форумы өтті, WALS штаб-пәтері Астанада бес күн жұмыс істеді, ал Қазақстанның астанасы бір мезетте әлемдік білім берудің астанасына айналды.

Педагогикалық шеберлік орталығы WALS эстафетасын 2023 жылдың қарашасында Нидерландыда қабылдады.

Қазақстандық форум Дүниежүзілік Lesson Studies қауымдастығының географиясын кеңейтіп, Астанада әлемдік педагогиканың жұлдыздарын жинады. Конференцияға білім берудегі тың шешімдерді Ұлыбритания,, Сингапур, Германия, Нидерланды, Малайзия, Австрия, Қытай, Америка Құрама Штаттары, Гонконг және 30-дан астам елден беделді сарапшылар әкелді.

WALS-2024 стратегиялық тақырыбы – «Lesson studies: aspiring to better Learning and Teaching» Lesson Study-ді ілгерілетуге және енгізуге мүдделі әлемдегі ең табысты мұғалімдерді бір арнаға біріктірді.

Астана форумына аталған конференцияның бүкіл тарихында абстрактілердің рекордтық саны – 850-ден астам қабылданды, олардың көпшілігін қазақстандық мұғалімдер дайындады. WALS Атқару комитеті бұл шараға ұлттық деңгейдегі қатысудың басымдылығын растайтынын атап өтті.

 Астанаға бес жүзден астам отандық педагог алгоритмдерді, мәселелерді және жеке зерттеу тәжірибесіндегі жетістіктерді қалай талдау керек деген сұрақтармен келді. Олар үшін WALS-2024 конференциясы жаһандық форумға қатысудың бірегей мүмкіндігі болды», – деді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

Конференция алаңында 10-нан астам симпозиум, 70 постер сессия, шеберлік сағаттары және елордалық мектептерде кездесулер, 250-ден астам жеке баяндамалар тыңдалды. Олардың барлығы әлемдік білім берудегі жаһандық тенденцияларға – сабақтарды жан-жақты зерделеуге және оның ұлттық оқу бағдарламалар үшін маңызы, әртүрлі мәдени контексттердегі негізгі алгоритмдерді салыстыру, Lesson Study-дің мұғалімдерді тәрбиелеудегі және мұғалімдердің біліктілігін арттырудағы миссиясы және басқа да танымал басымдықтарға арналды.

Негізгі спикерлер қатарында әлемдік білім берудің ең беделді сарапшылары: Норвегиядан Ойстейн Кристиансен, Литвадан Дариус Радкевичюс, Ұлыбританиядан Сара Селезнев, Жапониядан Ширли Тан, Германиядан Клара Кагер бар.

 Педагогикалық шеберлік орталығы 2012 жылдан бастап «Сабақты зерттеу» әлемдік трендін отандық білім беру жүйесіне енгізуде. Lesson Study Қазақстанда да, сабақты зерттеу жүйелі негізде педагогикалық тәжірибеге сәтті енгізіліп жатқан барлық елдерде де мұғалімдердің көзқарасын түбегейлі өзгертті», –  деп атап өтті Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Кабдыкаримова.

WALS 2024-тегі жарқын сәттердің қатарында беделді халықаралық «International Journal of Lesson and LearningStudies» журналының шеберлік сабағы бар.  Суй Лин Гой (Голландиядағы  мұғалімдерді даярлау академиясы), Ширли Тан (Виндсхайм қолданбалы ғылымдар университеті, Нидерланды), Шарон Дотжер (Сиракуз университеті, АҚШ) жетекші әлемдік басылымдармен табысты ынтымақтастықтың негізгі қағидаттарымен таныстырды.

WALS-2024 салтанатты жабылуының негізгі фразасы ретінде World Association of Lesson Studies Президенті Кэтрин Льюистің сөзін атауға болады:

 Lesson Study маған ХХІ ғасырдағы Жібек жолын еске салады, себебі конференция барлық елдер мен континенттердің білім беру саласын біріктірді. Бес күн ішінде Астанада жаңа прецедент пайда болды, мазмұны мен әлемдік деңгейдегі бірегей іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жоғары білім беру стандарттары жасалды.. Енді бізге Lesson Study жүйесін енгізуде де, беделді форумдарды өткізуде де Қазақстанның тәжірибесін тарату керек.

WALS-2024 жабылу салтанатында World Association of Lesson Studies эстафетасын Жапонияның Хиросима қаласы ресми түрде қабылдады.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз