Наурыз-лебіз: Ұлыс оң болсын!

430

Келіп жеткен  Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Амандық-саулық, ақ тілек, меймандостық, адалдық, молшылық, жалпы ұлтымызға тән тамаша салт-дәстүрімен паш етілетін Наурыз мейрамын өзіндік сән-салтанатымен, думанды тойымен, ән-жырымен қарсы алыңыздар.

Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін – әз Наурызбен шын жүрегімнен құттықтаймын!

Наурызда күн мен түн теңеліп, ырысы мол мереке біздің жан-дүниемізді шуаққа бөлейді, ой-ниетімізді таза арнаға бұрады. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі.

Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт-береке әкелсін. Жаңару мен жасару күні халқымызға  бақ-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, көркейе берейік! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

                                                                                        Күлпан Сейітжанова,

                                                 «Талдықорған қаласының орталықтандырылған   кітапханалар  жүйесі» КММ директоры

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз