Сайлау күні елімізде 609 нәресте өмірге келді

321

Сайлау күні Қазақстанда 609 кішкентай азамат дүниеге келді, — деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап taldykorgan-online.kz.

19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына сайлау күні елімізде 609 кішкентай қазақстандық дүниеге келді, оның ішінде 312 ұл, 297 қыз, бір егіз. Мемлекеттің одан әрі дамуы үшін осындай тағдырлы және маңызды күнде дүниеге келген сәбилерге жарқын болашақ пен зор денсаулық тілейміз!, — делінген ДСМ таратқан ақпаратта.

Сайлау күні республиканың стационарларында емделіп жатқан пациенттер үшін емдеуге жатқызу орны бойынша дауыс беру үшін жағдайлар ұйымдастырылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз