Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын архив ісі саласының қызметкерлерімен қатар архив ардагерлері де тыңдап, қолдаудамыз.
Еліміздің үздіксіз дамуы, азаматтардың заман талабына сай білім алуына мүмкіндіктер беріліп, медициналық көмектің дер кезінде сапалы көрсетілуіне жағдай жасалуы біз үшін үлкен қуаныш.
Жолдауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:
«2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ, біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз.
Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді.
Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді»- деп атап көрсеткен еді.
Архив – киелі қара шаңырақ. Құнды құжаттардың ғасырлар бойына сақталуы, тарихымыздың жәдігерлерін жас ұрпаққа паш ету үшін сапалы қызмет атқара білу үлкен мәртебе. Әр саланың қиындығы мен қызығы мол. Архив ісі саласына өмірінің үздіксіз он, жиырма, отыз жылын арнаған архив ардагерлерінің еңбегі зор. Еңбектің мемлекет тарапынан еленіп отырғаны, архившілердің кәсіби мерекесінің аталып өтілуі мәртебе деп білеміз.
Болашағымыз жарқын, отбасымыз аман болсын!
Архив ардагері Шолпан Кастарбекова