Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолауын жыл сайын асыға күтіп,жаңа бастамаларға құлақ түреміз. Биыл да Жолдауды ұжымымызбен тыңдап,жұмысшы мәртебесін көтеруге қатысты айтылған ойларын қуана қабыл алдық. Бала кезімізден ата-анамыз қандай жұмыс болса да,әлің келсе ерінбей,жасай бер деген тәрбиесінің арқасында екі қолға бір күрек тауып дегендей, еңбектеніп келеміз. Президентіміз жұмыстың жаманы жоқ,кез келген еңбек – қадірлі дей келе,әркім жауапкершілікті терең сезініп,өз міндетін сапалы атқарса, ел дамуына тигізген пайдасы екендігін атап өтті.Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алатынын,түрлі саладағы мамандарға,қатардағы жұмысшыларға құрмет көрсету қажет деген ойын айтты.Озық елдер қатарынан ойып орын алу үшін адал еңбектің бағаланғаны абзал.Жолдауға қолдау таныта отырып, жастарды техникалық мамандықтарды игеруге үндегім келеді.Менің екі ұлым да жоғары оқу орнын бітірген,инженер.Бір күн де жұмыссыз отырған емес.Жұмыстарына дән риза. Өз қаражаттарына үйлерін де көліктерін де алып,рақатын көріп отыр.
Талғат Төлеутайұлы, жұмысшы