Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын арнап, ел дамуының нақты бағыт-бағдарын айқындап берді.Әділетті Қазақстанды бірге құруға үндеумен қатар,халықтың тұрмыс сапасын арттыруға аса мән берді. Әуе хабтарын дамытудың маңызды екендігіне тоқталды. Оның ішінде ішкі әуе қатынасын дамытуға айрықша назар аударып,Балқаш және Алкөл демалыс аймақтарындағы ұшу-қону жолақтары толық жаңғыртылатынын жеткізді. Демалыс аймақтарында сапасы жоғары жол инфрақұрылымы бар әуе бекеттері мен әуежайлар салу керектігін айтты. Бұл әрине, Алакөл аймағының тұрғындары үшін де қуанышты хабар. Алматы қаласынан Алакөл ауданына дейінгі аралықтағы көлік жолының сапалы салынуының арқасында биыл айдынды өлкеге демалуға келушілердің қатары бірнеше есеге ұлғайғанына куә болдық. Астана-Үшарал бағытында ұшақ қатынасы жолға қойылып, демалушыларға қолайлы жағдай туындады. Ел қамы үшін атқарылып жатқан игі істер әрқашан табысты болсын.
Батиха Жақанбайқызы, Алакөл ауданы, Қайнар ауылының тұрғыны