Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын жариялады. Ең әуелі Президент халқымыздың қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүріп жатқандығын, ауқымды реформалар жасалып, еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгергендігін, нәтижесінде халықтың құқықтық мәдениеті артып келетіндігін атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы аталмыш жиын барысында елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамытуды, ақша-несие саясаты, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсартуды, өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалануды, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешуді, еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыруды, ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғыртуды, экологиялық ахуалды жақсартып, қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуді, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыруды, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыруды көздейтін бірқатар бастамаларға кеңінен тоқталды.
Темірболат Ахажан, Талдықорған қалалық мәслихат төрағасы