Жұмысшы мәртебесін көтеру — ел игілігі

87

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа дәстүрлі Жолдауын арнады.Еліміз үшін құнды құжатқа бағаланар Жолдаудың әр бағыты біз үшін маңызды. Десек те, Президенттің бесінші бағытта еліміздің кадрлық әлеуетін арттыруға қатысты айтқан ойы көкейіміздегіні дөп басқандай. Экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету-аса өзекті міндет.Ең алдымен, су, энергетика,құрылыс және басқа да салаларда қатты байқалып отырған кадр тапшылығын жою қажет.Сондай-ақ болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау керек деген Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмыстардың басталып кеткенін де жеткізді. Кәсіптік білім беру саласына реформа жасаудың да айрықша өзекті екендігін айтып,2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады.Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалауды тапсырып,жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор,нағыз маман болу идеясын насихаттауға көңіл аударды.Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдарға құрмет білдіруге үндеді. Бұл «Адал азамат-Адал еңбек-Адал табыс» қағидатына сай екендігін,еңбек адамының мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстардың жалғаса беретіндігін айтты. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алатындығы мәлім. Азаматтардың еңбегі мемлекет деңгейінде бағаланып жатса, оның абыройы мен беделі биіктей берері сөзсіз.

Әділ Тарпанбаев,Талдықорған қаласының тұрғыны,зейнеткер:

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз