Жарнамалар жарымжан күй кешпесін

166

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Жетісу облыстық филиалы  қызметкерлері және тіл жанашырлары Талдықорған қаласындағы  Т. Шевчено, Біржан сал көшелері мен  5 шағын аудан аумағындағы орналасқан бірқатар нысандарды аралап көрді.

Бұл шараның мақсаты — Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңының 21-бабын ескере отырып, ілінген жарнамалардың, көрнекі ақпараттардың, іс қағаз үлгілерінің, сауда орталығындағы тауарлардың арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмаларында кеткен қателерге байланысты әдістемелік көмек көрсетіліп,  түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 Негізінен  «Аiadi» үйге қажетті заттар дүкені, «Gren Market» азық-түлік дүкені, «Cakes by Monica» кондитерлік өнімдер, «V&P BEER», «Бар COЮЗ» магазин разливных напитков, «Планета» киімдер дүкені, «Мүшелтой» азық-түлік дүкені, «Көз Оптика» көзәйнектер, «ISKander» кафесі қамтылды. Кәсіпкерлерге  мемлекеттік тілге қатысты заңдар түсіндіріліп, аудармадан қате кеткен жағдайда бөлімге әкеліп тексертуге болатындығы айтылды.  Осы екі-үш күннің айналасында орысша тұрған жарнамалар қазақ тіліне көшіріліп, олқылықтар түзетілді.

Әрине, жарнама әр кәсіпкерге қажет шығар, алайда, мемлекеттік тілдегі жазуы да дұрыс болғаны абзал.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз