Мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендіктің иесі – Қазақстанның біртұтас халқы екені Конституцияда нақты айқындалған. Бұл қағида елдегі демократиялық жүйенің негізін құрайды. Яғни мемлекеттегі барлық билік халықтың еркі мен мүддесіне қызмет етуі тиіс. Халық өз билігін сайлау, референдум сияқты демократиялық құралдар арқылы жүзеге асырады. Қазақстан үшін бұл кезең тек саяси реформалардың қорытындысы ғана емес, сонымен қатар жаңа мемлекеттік даму дәуірінің бастамасы болып саналады. Елдегі саяси жаңғырулар қоғамның тұрақты дамуына, демократиялық институттардың нығаюына және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кеңеюіне бағытталған. Мұндай өзгерістер мемлекеттің болашағын айқындап, халықтың ел басқару ісіне белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Референдум – халықтың өз еркін тікелей білдіруінің маңызды демократиялық тетігі. Осылайша Конституцияны қабылдау үдерісіне бүкіл халық қатысып, елдің болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік алады.
Ғалия Молдаханова, Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты





























