Қала әкімі Ернат Бәзіл 9 шағын ауданында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралап, абаттандыру, кәріз, ауыз су жүйесі және тағы да басқа мәселелер бойынша мердігер компания өкілдерімен кездесіп, басталып жатқан жобаларға мұқият қарап, сапа мен мерзімді ұмытпау керектігін ескертті.
Бұдан бөлек, қала басшысы іргетасы қаланып жатқан теннис және волейбол орталығының құрылыс жұмысымен танысты.
Сонымен қатар, Н. Алдабергенов және Қабанбай батыр көшелерінде бастау алған жылыту құбырларын ауыстыру жұмыстарын да аралап өтті.
Сапаны бірінші кезекке қойған шаһар басшысы құрылыс нысанын аралау кезінде бірқатар кемшіліктерге назар аударып, уақытылы жоюды тапсырды.