Асауға тұсау салынды…

206

Шекара шебін қырағы күзеткен сақшылардың жауынгерлік қызметінде жылқының орны ерекше. Таулы, қырлы, құмды, өзен-көлді болып келетін табиғатымызда мініс аттарымен ғана жете алатын қалтарыстар жетерлік.

Себебі, таулы жердің жоғары-төмен өзгеріп тұратын жалғыз аяқты жолдарында әскери көлікпен жүру мүмкін емес. Ал тегіс келетін жазықтың өзенге ұласып, арғы жағасы тау шатқалына жалғасатын тұстары да болады. Мұндай өткелдерден өтуге моторлы көлік жарамайды Осындай күрделі жолдардан тоқтамай өтуге таптырмайтын шекарашының досы – төрт аяқты пырағы.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Текелі» оқу-жаттығу, үйрету кавалериялық тобышекарашылардың арасында жауынгерлік қызметке бейім арғымақтарды даярлаумен танымал. Жақында аталған әскери ұжым жасы үштен асқан дөнендерді мініске үйретті. Мақсаты:шекара шебін мініс аттарымен толықтыру.

Жалпы алғанда арқасына ер тоқым тимеген асауды қолға үйрету оңай шаруы емес. Оның өзі жоспарлы түрде ұйымдастырылатын кешенді шарадан тұрады. Алғашқы кезеңде қазанаттарды арқанмен жетектеп, адаммен бірге жұмас жасауға икемдейді. Ер тоқым мен айылға денесін үйретеді. Ал келесі кезеңде атты мінуге, басын оңға, солға бұруға дағдыландырады. Үшінші кезең кавалеристтің сәйгүлікті қырымен жүруге, кедергілерден қарғуға, қарудан атылған дыбысқа үйретуден тұрады. Содан кейін тұлпарлар шауып келе жатқанда бұрылу мен шоқырақтап секіруге, далалық жүріске үйретіледі. Соңы мініс аттарынмінуге үйрету бойынша емтихан тапсыру мен 30 шақырым қашықтыққа далалық шығумен аяқталды.

Бірнеше асауға тұсау салып, басын жүгенге үйреткен шекарашылар осы жолы да өз қызметтерін мінсіз орындады. Олардың қатарында нұсқаушы аға сержант Мирас Ғалымов, атшы қатардағы жауынгер Нұрдәулет Мирхатұлы, ветеринарлық фельдшер ефрейтор Төлеужан Досбатыров, втеранарлық пунктінің бастығы кіші сержант Досжан Қуанышбаевтар.

Ендігі кезекте, шекара шебіне жіберілген қазанаттар жауынгерлік қызметке тартылатын болады. Ел шетінің соңғы нүктелерін күзету ісіне аттанған тұлпарларға сәттілік тілейміз!  

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз