Шекарадағы камера – қауіпсіздік кепілі…

221

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының учаскесінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесімен бірккен шаралар ұйымдастырылуда.

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы Қорғас трансшекаралық өзеніндегі су тасқыны жағдайын бақылау мен шекара бұзушыларды анықтау мақстанда бақылау камералары қойылды.  

Қазіргі кезде бейнебақылау жүйесін орнату бойынша монтаждау жұмыстары «Ынталы» шекара бөлімшесінің учаскесінде жалғасуда.

Бейнекамералар Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының жауынгерлік қызметіне көмегін тигізуде.

Өткен жылдың күзінде бақылау камерасыарқылы мемлекеттік шекарадан контрабандалық тауарды заңсыз алып өтуге талпынған Қазақстан Республикасының бес азаматы ұсталды. Тәртіп бұзушылар бірнеше қорапқа салынған темекі өнімін шекарадан асыруға талпынды.

Мұндай біріккен іс-шара ұлттық қауіпсіздігіміз үшін өте тиімді.

ҚР ҰҚК Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз