2024 жылғы 5 мамырда қазанда таңғы сағат 09.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Жетісуоблысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында «Көктем-2024» шақырылымы сарбаздарының Ант қабылдау рәсімі өтті.
Ауқымды шараға жергілікті құзырлы органдардың басшылары, сарбаздардың ата-ана, туған-туыстары қатысты.
Төрт жүзге жуық сарбаз Отан алдында Ант қабылдағанан кейін ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы полковник М.Нарбаев жас сарбаздардың әскери қызметтеріне ақ жол тіледі. Құттықтау сөз жауынгерлердің ата-аналары мен жас сарбаздарғада берілді.
Салтанатты шараның соңы өнерлі әскери қызметшілердің концерттік ән шашуына жалғасты. Жиналған қауымға шекара сақшылары қоян-қолтық ұрыстан көрініс көрсетті. Қызметтік итті қолдану арқылы шекара бұзушыларды тұзақтаудың әдіс-тәсілдерінен көрсетілім қойылды.
Шараның өткен орны: Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Дулепов көшесі, 1 үй.
ҚР ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаменті