Осы жылдың 9 айында Жетісу облысының экономикасы 5%-ға өсті

Жетісу облысында биылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы қысқа мерзімдік экономикалық индикатор 105,0% құрады. Негізгі салаларда тұрақты өсім байқалады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, өткен 9 айда өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 363,6 млрд теңгені құрап, өсім 29,8% болды. Ал ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнім көлемі 363,6 млрд теңгеге жетіп, 2,7 % өсім байқалды.

Көлік қызметінің көлемі 175,6 млрд теңге, яғни өсім 16,5%, ал байланыс саласында – 8,6 млрд теңге, өсім 10,5% болды. Сауда көлемі 884,2 млрд. теңге, НКИ — 111,7%.

Аталған мерзімде өңірге 270,7 млрд теңге инвестиция тартылса, соның 189,4 млрд теңгесі – жеке инвестициялар.

Экономиканың барлық салаларына 18 650 адам жұмысқа орналастырылса, тұрақты жұмыс орындарына 11 520 адам жіберілді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фототілшілер: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз