Су тасқыны: Үйінен айырылғандарға жаңа баспанаға қанша қаражат беріледі?

239

 ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшысы Қанат Шарлапаев үкіметте өткен брифингте су тасқынынан зардап шеккендерге баспана салуы үшін қанша ақша бөлінетінін айтты, -деп хабарлайды taldykorgan-online.kz басқа ақпараткөздеріне сілеме жасап.

Оның айтуынша, қазір әкімдіктер ақпарат жинап, зардап шеккен үйлердің есебін жүргізіп жатыр. «Біз жергілікті бюджеттен, кейін республикалық бюджеттен қаражат бөлетін боламыз. Қазір бір үйдің құны деп 22 млн теңге қарастырамыз. Бұл 80 шаршы метр болатын бір үйдің немесе екі бөлмелі пәтердің құны. 1 шаршы метр үшін 281 мың теңге. Болашақта біз бюджеттен осы құнға сүйене отырып бөлеміз. Әзірге бізде үйлердің нақты саны жоқ», – деді министр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз