Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс басталғаны туралы хабарлайды

576

2024 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» бойынша 3 млн. теңгеден 10 грант берілетін болады.

 

Мақсат – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау.

 

Конкурсқа облыстың 14 жастан бастап, 35 жасқа дейінгі Жетісу облысының азаматтары үміткер бола алады.

 

Гранттар 5 бағыт бойынша беріледі:

1) «Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

2) «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

3) «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;

4) «Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

5) «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.

 

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері 2 сәуір мен 2 маусым аралығында электронды нұсқада tauelsizdik_jetisy@mail.ru поштасына қабылданады.

Қосымша ақпарат пен сұрақтар туындаған жағдайда, байланыс телефоны:
8 (7282) 404-404 (сағат 9.00.-18.00. дейін)

 

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:

1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім;

2) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы;

3) жоба бойынша (60 секундтан аспайтын) бейнематериал немесе (10 слайдтан аспайтын) презентация;

4)  3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы;

5) PDF форматындағы зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса);

6) PDF форматындағы жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі болуы тиіс

 

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру конкурсына қатысу үшін КОНКУРСТЫҚ ӨТІНІМ

 

 

  1. Тегі ____________________________________________________

Аты _________________________________________________________

Әкесінің аты (бар болса)_________________________________________

  1. Туған күні ___________________________________________________

3.Грант жобасының бағыты (көрсетілген бағыттардың бірін таңдаңыз: «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа»)
_________________________________________________________________

4.Білімі (жоғары, орта, оқу орнының атауы)________________________

________________________________________________________________

  1. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болса) _____________________
    ______________________________________________________________
  2. Қазіргі қызметі (үміткердің жұмыс орны, лауазымы/оқу орны)_________________________________________________________________
  3. Байланыс деректері (ұялы/жұмыс телефоны, электрондық пошта)_________________________________________________________________

8.Тұратын мекенжайы (облыс, қала, көше, үй/пәтер)___________________

_________________________________________________________________

 

 

20__ жылғы «__» _____________

 

Қолы _________

 

Қосымша2

 

Жобаның сипаттамасы

 

Жобаның атауы және бағыты
Жобаның жетекшісі (үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жобаның қысқаша сипаттамасы
Нысаналы аудитория
Жобаның миссиясы
Бастаманың негіздемесі
Жобаның мақсаттары
Жобаның міндеттері
Жобаны іске асыру мерзімдері
Жобаның сәттілігін бағалаудың нысаналы көрсеткіштері мен өлшемшарттары
Жоба өнімі
Жобаның мүдделі тараптары
Жобаны іске асыру құны бойынша алдын ала болжамдар
Жобаның шектеулері (тәуекелдері)
Жобаны іске асыру географиясы (облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана)

 

Қосымша3

 

Шығындар сметасының жобасы

 

№ п/п Шығындар бабы Өлшем бірлігі Бірлік бағасы Саны Сомасы
1 2 3 4 5 6
1.          
2.          
3.          
Барлығы:        

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз